Балаларісіктерінің негіздері інгі кезеңге әсер ететін операциялық жарақатпен жүреді.
Мұндай қиындықтар ОЖЖ, ішперде арты кеңістігіндегі
ісіктерде (нефробластома , нейробластома), бауыр ісіктері
кезінде болады .
Ісіктік үрдістің жайылып кеткен, немесе ісік көлемінің
үлкен, науқас халінің ауыр жағдайында балаларға, бірінші--
лік операция алды (көбіне) химио- және (сирегірек) сәуле
терапиясы қолданылады. Ал, хирургиялық ем, егер, ісік бұл
ем түрлеріне төзімді болса (гепатобластома, тератобласто--
ма) кешенді емнің бірінші кезеңінде қолданылады.
1 жасқа дейінгі балалардағы хирургиялық ем қиын бо--
лып келеді. Онкология ережелері бойынша бірнеше айлық
нәрестелерге операцияны тек радикальды түрде жасау
қажет. Операциялық аймақ кішкентай баланың денесінің
өлшемімен ғана емес, ісіктің мөлшерімен де шектелген. Көп
жағдайларда кішкентай балалардағы ісіктің дене мөлшеріне
қатынасы үлкен жастағы балалармен және ересектер--
мен салыстырғанда үлкен болып келеді. 1 жасқа дейінгі
балалардағы құрсақ қуысы және құрсақ артындағы ісіктер--
ге операция жасау өте қиынға түседі. Сондықтан, абластика
принциптеріне қарсы тұратын операциялар жүргізуге тура
келеді.
Ісік ауруларын тіркейтін құжаттар туралы Кез-келген ауру түрімен күресуге және жоспарлы түрде
ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізу үшін – сол ауру
түрі туралы есеп мәлімет қажет. Ондай мәліметтерді тір--
кеу жөнінде қарар онкологиялық ауруларға бұрынғы Одақ
көлемінде 1953-56 жылдары қабылданды.
КСРО Денсаулық министрлігінің 1980 жылғы
4 қазандағы № 1030 бұйрығы бойынша қатерлі ісігі
анықталған науқастарды дер кезінде емдеу, тіркеуге алу,
т.б жөнінде уақтылы ақбар беріп тұру үшін: № 090/У, 025-
1/У 027-1/У, №027-2/У, №047/У үлгілерін толтыру керектігі
қабылданды.