Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет43/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ісіктің тез қайта бас көтермеуіне жол ашылады; үшіншіден 
– науқастың хәлінің жақсаруы байқалады және ең негізгісі 
науқастардың өмір сүруі ұзартылды, т.с.с нәтижелерге қол 
жеткізуге болатыны анықталып қолдану үстінде.
Болжамы
. Ісіктің тек мишықта ғана орналасқан 
түрлерінде, егер кешенді ем түрі толық алынған болса 5 
жылдық өмір сүру ұзақтығы (мұны толық жазылғандар десе 
болады) 60% жуық науқастарда кездеседі. 
ЭПЕНДИМОМА
Эпендимома – ми қарыншалары мен омыртқаның 
жұлын жүретін тесігінің ішкі жағын, қабырғаларын жа--
уып тұрған жасушалардан шығады. Бұл да МБ сияқты 
бас сүйегінің артқы шұңқырында, көбіне 70% жуық – IV 
қарыншадан бастау алады. Сонымен қатар, 20% жуық шет--
кі қарыншалардан, 10% жуық жұлыннан да шығуы мүмкін. 
Осы айтылған аймақтарға сәйкес эпендимома – 2, 6, 13 жас 
аралықтарында жиірек кездеседі. Эпендимоманың аты ай--
тып тұрғанындай 70-75% қатерсіз, яғни ісіктің жетілген 
(дифференцированная) түрі кездеседі, ал анапластикалық 
қатерлі түрі (эпендимобластома) сирек кездеседі. Ісік өсе 
келе барлық ми қарыншаларын толтырып, 25-50% жуық ми 
діңгегіне өтуі байқалады. Әрі, ісік үлкен шүйде тесігі арқылы 
өтіп, омыртқаға қарай да жылжуы мүмкін. Қарыншалар мен 
жұлын қабықтары арқылы, кейде метастаз ошақтарының 
жайылуын да байқауға болады.
Ісікті хирургиялық жолмен барлық кезде толық алуға 
мүмкіндік бола бермейді. Өйткені, IV қарыншадан шыққан 
эпендимома – мишық пен ми діңгегіне, сопақша миға өсіп 
кететіндігінен, әрі ми қарыншаларын бітеп ликвордың ай--
налуын бұзуып, су миға әкелуінен операцияның «шунт 
қоюмен» ғана бітуі көбірек кездеседі. 


67
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
Сәуле терапиясы. Эпендимома – МБ қарағанда, суле 
еміне жартылай сезімтал болып келеді. Сәуле емі көбіне
операциядан кейін беріледі. Ісік өте қайталанғыш, ал 
қайталанған ісіктері қатерлі түрге ауысқаны болып есеп--
телінеді. Сондықтан ісікке сәуле терапиясын берген кезде 
сәуле мөлшері 55 Гр дейін жеткізілгені дұрыс, әрі бас пен 
омыртқа қатар алынғаны (1,8 Гр ден аптасына 5 рет, жалпы 
сәуле мөлшері, екеуін қатар алғанда 35 – 40 Гр) жөн. Себебі, 
егер ісік қатерлі түрі болса, онда ликвор арқылы жұлынға 
берілуі мүмкін. Ал, егер ісік гистологиясы оның жетілген 
түрін, яғни қатерсіз түрін көрсетсе, онда сәуле терапия--
сын тек ісіктің шыққан жеріне, оның шетінен 1,5–2,0 см 
артығырақ алып берумен шектелуге болады. 
Сурет – 2. Эпендимоманың МРТ-ғы көрінісі


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет