Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет45/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ракционирование әдісімен) СБМ – 1,0 Гр -ден күніне 2 рет 
беру арқылы Edwards (1989) БСМ 72 Гр жеткізіп, 30% жуық 
науқастардың өмір сүру ұзақтығын 2 жылдан асырған. 
Негізінен 70-80% жуық науқастарда БСМ 40-60Гр беріл--
се, жағдайлары анағұрлым жақсарып 5 жылдық өмір сүру 
ұзақтығы 25-30% жуық балаларда анықталған.
КөРУ ЖүйЕСІНІҢ ГЛИОМАСЫ
Көру жүйесінің глиомасы барлық ми ісіктерінің ішін--
де 5% дейін кездеседі. Негізінен 5 жасқа дейінгі балалар--
да кездеседі. Ал, одан ересектерде ісік – көздің хиазма 
қиылысынан шығады. 
Көру жүйесінің глиомасындағы негізгі клиникалық бел--
гілерге: көздің көру қырағылығының төмендеуі, птоз, кейін--
нен көз жүйкесінің атрофияға ұшырауынан мүлдем көрмей 
қалуы сияқты белгілер жатады. Гистологиялық тұрғыдан 
алғанда дифференцияланбаған астроцитомалар болып келе--
ді. 
Ісікті анықтау КТ мен МРТ арқылы ғана жүйеге асады, 
себебі ісіктің өте қиын жерде орналасуынан әрі биопсиядан 
кейін көздің мүлдем көрмей қалуына әкелуінен ісікке опера--
ция амалынсыз тиіспейді. 
Көру жүйесінің глиомасына сәуле терапиясы, егер опе--
рация жасалынбайтын болса, немесе қарқынды өсіп жатқан 
ісікті тоқтату, көздің көруін сақтап қалу жағдайында бері--
леді, БСМ 45-50 Гр дейін. Сонымен қатар, химиотерапия да 
жиі қолданылады.


71
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
10 – кесте 
бас 
әріптері
дәрі аттары
берілу 
күндері
дәрі 
мөлшері
А 
Актиномицин -Д
1-5
500 мкг/м²

Винкристин
1
1,5 мг/м²
– арасы 3 апталық үзіліспен;
– немесе :
Р 
Карбоплатин 
1 күні
(4 апта бойы)
175 мг/м²

Винкристин
1 күні
(4 апта бойы)
1,5 мг/м²
– арасы 3 апталық үзіліспен;
Карбоплатин 
мен 
винкристин 
қолданылған 
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы 75% жеткен. 
Әр 6 айда КТ мен офтальмологиялық тексеру жүргізіліп 
тұрғаны дұрыс.
АСТРОЦИТОМАЛАР
Астроцитомалардың 10-20% жуығы мишықтың 
астроцитомасынан тұрады. Негізінен Астроцитомалар 
төмендегідей гистологиялық түрлерден тұрады:
1. Көптеген жасушалық элементтерден тұратын, қан та--
мырларына бай, торсылдақ (киста) құрғыш болып ке--
летін пилоцитарлы астроцитомалар. Шеткі қырлары 
тегіс, жәй өсетін, негізінен қатерсіз болып келетін ісік 
түрлері;
2. Қатты-тығыз, фибрилярлы астроцитомалар, шеткі 
қырлары тегіс, қан тамырлары аз шоғырланған, сәуле 
еміне аса көнбейтін ісіктің түрлері;


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет