Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет48/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Яғни, ісіктің өсуімен Монро тесігін жауып, бас 
іші қысымының жоғарылауына, сонымен қатар көз 
қырағылығының 
төмендеуіне 
және 
эндокриндік 
өзгерістерге (өсу гармоны кортизолдың, немесе қалқанша 
безді қозғаушы гармондардың аз немесе толық бөлінбеуіне 
т.с.с) әкеледі. Соның әсерінен «үштік» белгі: қантсыз диа--
бет, жыныстық белгілердің ерте немесе кеш дамуы және көз 
қозғалғыштығының өзгерістері пайда болады. 
Қазіргі кезде микрохирургияның арқасында 50-80% 
жуық балалардың ісіктері хирургиялық жолмен алына--
ды. Бірақ операциядан кейін, ісіктің өте қауіпті жерде 
орналасқандықтарынан 10% жуық асқыну түрлері (әсіресе 
эндокриндік өзгерістер), операциядан кейін шетінеп кету де 
2-5% жуық кездеседі. Ісік көбіне торсылдақты болып келе--
тін болғандықтан, оның суын сорып, жартылай кесіп алып 
та операция амалдары жасалынады. Содан кейін, орнына 
сәуле терапиясы беріледі. Ісік толық алынбағандарда ісіктің 
қайталануы кездеседі. 
Сәуле терапиясын гамма аппараттарымен - мегавольтті 
сәулемен, болмаса линейлік жылдамдатқыш қондырғылары 
арқылы жүргізеді. Қарама - қарсы екі бүйірден фотондық 
энергиялы 610 МэВ беру арқылы өте жақсы нәтижеге қол 
жеткізуге болады. БСМ 50-55 Гр жеткізілгені дұрыс (СБМ 
- 1,8 – 2,0 Гр ден аптасына 5 реттен).
Болжамы.
Ісік толық алынған жағдайда науқастың 5 
жылдық өмір сүру ұзақтығы 80-85% дейін жетеді. Соңғы 
ғылыми деректер бойынша, жартылай алынған ісікке (суб--
тотальная резекция) сәуле терапиясын толық бергеннен кей--
інгі нәтиженің өзі өте жақсы (60-80%). Осындай ем алып 10 
жыл бойы бақылауда болған, науқастардың ешқайсысында 
ісіктің қайталануы байқалмаған.


77
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет