Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет47/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ісіктің түрінде ісіктің қайта өсуі-рецидиві жиі кездеседі.
Ісіктің негізгі емі хирургиялық тәсіл. Операциямен 
радикалды түрде ісіктердің 75-80 % жуығы толық алына--
ды. Сондықтан, болжамы жағынан жақсы, егер дер кезінде 
анықталып, уақытында операциялық жолмен толық алы--
натын болса, балалар толық жазылып шығады. Сонымен 
бірге, 10-15% жуық балаларда ісіктің қайталануы мүмкін 
(толық радикалды түрде жасалынбағандар мен операция ке--
зінде ісік-торсылдағы жарылып кеткендерде). Сондықтан, 
операциядан кейінгі уақытта (2 жыл бойы) науқастар дис--
пансерлік қадағалауда (КТ мен МРТ түсіріп, бақылауда) 
болулары қажет. Рецидив анықталған жағдайда қайталап 
операция жасап, артынан, орнына сәуле терапиясын жасау 
керек болады. 
Ісік орнына сәуле терапиясы БСМ 50-54 Гр дейін жет--
кізіліп, СБМ – 1,8 Гр ден аптасына 5 реттен жүргізілгені 
жөн. 
Операцидан кейін гистологиясы - диффузды 
төменгідифферен-циалды астроцитома деп анықталса, онда 
карбоплатин мен винкристин химиодәрілерінен тұратын схе--
мамен ем жүргізген дұрыс. Ал, ісіктің қайта өсуі байқалса, 
онда (2-кестеде көрсетілген) CCNU, винкристин, предниза--
лон схемаларын қолдану қажет. 
Болжамы.
Соңғы ғылыми деректерге сүйенсек, мишық 
астроцитомасының болжамы жақсы. Толық ем алған 
науқастардың 20-25 жылдық өмір сүру (яғни толық жазылу--
лары) ұзақтығы 90-95% жеткен. Сонымен қатар, ісік толық 
алынбай артынан сәуле терапиясын алған науқастардың 5 
жылдық өмір сүру ұзақтығы 80% жуық.


75
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
КРАНИОфАРИНГИОМА
Краниофарингиома – гипофиздің Ратке қалтасының 
(мидың түрік орындығы (турецкого седла) аумағынан), 
эпителиалды жасушасынан пайда болатын, биологиялық 
тұрғыдан алғанда қатерсіз ісіктің түрі. Ісік негізі тығыс ісік 
массасы мен торсылдақты қабаттан тұрады. Бластоматоз--
ды ісік массасында тұздар басымдау келеді. Ал торсылдақ 
сулары холестерин кристалдарынан тұрады. Сондықтан, 
ісікті анықтау кезінде, КТ суретінде ісікте калцификаттар 
көрінеді. 
Барлық ОЖЖ ісіктері ішінде 3-7% жуық орын алады. 
Краниофарингиома барлық жас аралықтарында (үлкен кісі--
лерде де балаларда да) кездесетін, оның ішінде 50% жуығы 
20 жасқа дейін, ал балаларда 8 бен 14 жас аралығында 
көрінетін ісік. 
Ісіктің клиникасы оның көздің көру қырағылығының 
төмендеуімен (себебі ісіктің көз жүйке жүйесін, көру – хиазма 
орталығын қысуынан), бас ішілік қысымының көтерілуінен, 
гипаталамус пен гипофиз қызметтерінің бұзылу (науқастың 
толып-семіруі, жата-ұйықтай бергісі келіп тұру т.с.с) белгі--
лерімен байқалады. 
Сурет – 6. Краниофарингиоманың МРТ-ғы көрінісі


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет