білім мазмұнының тасымалдаушылары. Мектептегі және университеттегі химия біліміне арналған мемлекеттік білім беру стандарттары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
1.
Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
2.
Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік
стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру
бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті
болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын
талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім
сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу
бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің
мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен
оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау,
білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің
мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді: • білім алушылардың
мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру; •
нәтижесін
дұрыс мөлшерлеу; • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық
стандарттарының ережелерін бұзбау; • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір
мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету; •
білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету; •
оқушы жастардың қызығушылығы
мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету; •
мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу; • тексеру
жағдайында жылдам қызмет көрсету. Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу
пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын
анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті
мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Білім мазмұны