Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М


 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата31.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#166969
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

2.2 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары 
 
Дене құрылымының
молекулалық кинетикалық теориясы
деп барлық 
денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бӛлшектерден тұрады деген кӛзқарас 
негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк 
беретiн iлiмдi айтады. 
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен 
тұрады: 
1.барлық денелер бӛлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және 
терiс зарядталған иондардан – тұрады; 
2.бұл бӛлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста 
болады; 
3.бӛлшектер арасында ӛзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу 
күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бӛлшектердiң ӛзара 
гравитациялық әсерлесуi ӛте аз. 
Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы кӛптеген физикалық бақылаулар мен 
тәжiрибелер жүргiзу арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi кӛзқарастарына ең 
нақты дәлел бола алатын мысалдар: 
- броундық қозғалыс құбылысы (Броун); 
- молекулалық диффузия құбылысы; 
- қазiргi заманғы приборлар кӛмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар 
кескiнi. 1-шi суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ 
дақтар), ал 2-шi суретте кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы 
келтiрiлген, мұндағы дӛңдер – кремнийдiң жеке атомдары. 


61 
 
2.3 Температура
Барлық газдар жылу тепе-теңдiгi кезiнде температуралары бiрдей болады. 
Молекулалардың жылулық қозғалысы сӛз болғандықтан, температураны 
молекулалық деңгейдегi физикалық шамалар арқылы жазу керек. Бұндай шама 
ретiнде молекуланың iлгерлемелi қозғалысының кинетикалық энергиясын алуға 
болады. Бұл жорамал үш ыдыспен жасалған тәжiрибеде толық дәлелденедi. 
Тәжiрибе 
кӛрсеткендей, θ=pV/N қатынасы 
температурадан 
басқа 
ештеңеден тәуелдi емес, сондықтан оны Т температураның бiрден-бiр ӛлшемi 
ретiнде қарастыруға болады. 
θ = kТ немесе pV/N = kT,
мұнда k – Больцман тұрақтысы деп аталатын пропорционалдық 
коэффициентi. 
Бұл теңдікпен анықталатын температура терiс шама болуы мүмкiн емес. 
Сондықтан ол абсолюттi температура деп аталады. 
Температураның абсолюттi нӛлi (Т =0) деп молекулалық қозғалыстардың 
тоқтаған кезiн (E =0) айтады. Бұл табиғаттағы ең тӛмен температура. Осы 
анықтама негiзiнде ағылшын ғалымы У.Кельвин температураның абсолюттi 
шкаласы ұғымын енгiздi. Бұл шкала бойынша температура абсолюттi нӛлден 
бастап саналады және оның бӛлiктерi Цельсий шкаласының градусына тең. 
Абсолюттi T температура мен Цельсий шкаласы бойынша t температураның 
арасындағы байланыс Т = t+273 теңдiгiмен берiледi. СИ жүйесiнде абсолюттi 
температура кельвинмен ӛлшенедi және ол К әрпiмен белгiленедi. Бiр кельвин 
Цельсий шкаласы бойынша бiр градусқа тең (1 К=1
o
С). 
Ӛрнегiн 
молекулалық-кинетикалық 
теорияның PV/N=2/3 түрiндегi 
негiзгi теңдеуiмен теңестiрiп 
.


62 
Осылайша, абсолюттi температура газ молекулаларының жылулық 
қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының ӛлшемi болып табылады. 
Формуладан шығатыны мынадай ӛрнек p = nkT.
Қысым мен температура бiрдей болған жағдайда барлық газдардағы 
молекулалар концентрациясы да бiрдей болады (k тұрақтысы газдың қасиетiнен 
тәуелсiз). Басқаша айтқанда Авогадро заңының орындалуы байқалады: 
кӛлемдерi бiрдей газдарда қысым мен температура бiрдей болған жағдайда 
олардағы молекулалар саны да бiрдей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет