134
Ток p-облыстан n-облысқа қарай жүргенде, ток күшiнiң мәнi үлкен
болады және түсiрiлген кернеуге байланысты тез артады. Сондықтан осы
бағыттағы ток үшiн (токтың ӛту бағыты) түйiсу кернеуi ӛте аз болады. Егер ток
n-облыстан p-облысқа қарай бағытталса, ток күшi ӛте аз болады және түсiрiлген
кернеуден тәуелсiз болады (қанығу тогы). Токтың осы бағытына түйiсу
кедергiсi ӛте үлкен болады. Соныменен p-n ауысуы бiр бағыттың ӛткiзгiштiкке
немесе вентилдiк қасиетке ие болады және вольт-амперлiк сипаттамасы
сызықтық түрде болмайды.
Айнымалы ток тiзбегiне p-n ауысуын қосқанда ол түзеткiш түрiнде
жұмыс атқарады. Бiр p-n ауысуынан тұратын электрлiк қондырғыны диод деп
атайды.
Егер керi кернеудiң шамасы белгiлi бiр үлкен шамаға жеткенде, түйiсудiң
қызуымен және ӛтпелi қабатта күштi электр ӛрiсiнiң әсерiне байланысты
қосымша құбылыстар байқалады. Бұл құбылыстар түзетушi ауысуды iстен
шығаратын керi токтардың күрт артуын тудырады (диодтың «тесiлуi»).
Достарыңызбен бөлісу: