15. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездерді бүгінгі қоғаммен салыстырып жаз.
«..... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма
Абайдан артық, Абайдан ұлы,
Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»
(Н.Назарбаев)
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген хакім Абай
өмірінің соңғы кезінде қамығып жүріп, 1889 жылы қазақ өлең өрнегіне өзгеше өріс әкелген «Сегіз аяқ»
атты өлеңін әнімен жазады. Бір қызығы, бұл өлеңнің көптеген шумақтары ел арасында халықтық сипат
алып, нақылға, афофоризмге айналып кеткен. Ақын бабамыздың осы өлеңде сынға алған мәселелері
бүгінгі қоғамда бар ма?
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген, артта жоқ,
Мысқыл өсек, айла бар
Бұл шумақта Абай дәуіріндегі екісөзділік пен сертке тұрмау, мысқыл, өсек, айла сияқты қасіреттердің
дендеп кеткені бізге тарихтан да көркем шығармалардан да белгілі. Ал бүгін ше? Бүгінгі айлакерлерде
иман бұрынғыдан да сорақы түрге айналған. Мысалы, автокөлік апатына ұшырап жатқан өлім үстінддегі
адамға көмек көрсетудің орнына оны ұялы телефонының камерасына түсіріп,
әлеуметтік желілерге
салып, мысқылға айналдырады. Өзінің үстіне жанармай құйып, суицид жассауға бекінген жас жігіттің
әрекетін әдемілеп тұрып бейнеге түсіріп тұрады. Мейірім қайда, жүрек пен иман жылуы қайда?
Шімірікпестен осы әрекетке неге барды? «Досын өкпеге қиса да, өлімге қимаған» қазақ едік қой...
«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос»
дегенде атамыз қазақ баласын бір жеңнен қол,
бір жағадан бас шығарып, тату болуға меңзеп тұрған жоқ па? Бүгінгі күннің жігіттері атамыздың осы
өсиетін қаперге ілмей, айдың-күннің аманында қырық пышақ болып қырылып, бірін-бірі мерт қылуда.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде соңғы бір айдың ішінде кішігірім өзара жанжалдардан 37
ер-азамат
көз жұмған, ауыр жарақат алып, зардабын тартқандар қаншама?.. Бейбіт күннің шырқын
бұзып, соншама отбасына қасірет әкелетіндей не жетпей жүр жігіттерімізге деп қапаланасың осындайда.
«Біріңді, қазақ, бірің дос» көрмесе, мына алмағайып заманда қазағымның жігіттері жар астындағы жауға
таланбасына кім кепіл?!
«...Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым — тап шыным!», – дейді.
Иә, бүгінгі күні Абай бабамыз қауіптенген кесапаттың асқынған кейпі етек алғаны соншалық – туған ата-
анасынан безіп, қарттар үйіне табыстап жатқан жастарды көргенде түңіліп кетесіз. Елімізде егде жастағы
7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар.
Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған. «Бір аяғы
төрде, бір аяғы көрде тұрған қарттардың бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он бала бір әкеге жүк болмай, бір
әке он балаға жүк болғанның кері».
«Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын».
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей». Қазіргі жастардың қалталарында қос-қос диплом, бірақ қиын еңбекке қолы
бармай, лас жұмысты ар санап, жұмыссыздардың армиясын толықтырып жүргені жасырын емес.
Қорыта айтқанда, Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі - қазіргі қоғамды айна-қатесіз айтып кеткен нағыз
жырдың төресі.
Менің айтарым, бір-бірімізге мейірімді арттыра түсейік, ауырсыз жеңіл қолға
түспейтінін бағамдай білейік, қиналғанда Абай атамызға барып, ақылын тыңдалық!
Достарыңызбен бөлісу: