16. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерді талдап жаз Махаббатсыз дүние бос ... Абайдың поэзия әлеміне бет бұруына айналасы, қоғам, сезімдері әсер еткені анық.
Әрине, Зере әжесі мен Ұлжан анасының, халқымыздың ауыз әдебиетінің орны бірінші кезекте.
Десек те, Абайдың өлең жазып бастаған уақытын саралайтын болсақ, жігіттік шағына келеді.
Алабұртқан жастық шақтағы сезімдерге ерік бергені анық. Ақындық өнерінің дамуына әсер
еткен дүниелерді «Абай жолы» эпопиясынан да байқаймыз. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде
өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма» деп, өзі айтқандай, 59 жылдық өмірінде басынан
біраз жайтты өткереді. Сезінген, түйсінген, қуанған, күйінген сәттерінің бәрі ақынның
«Қазақтың Бас ақыны» деген атқа алып келді. Ал махаббатқа, сезімге толы жырларының тууына
қандай оқиғалар әсер етті?
Табиғатынан сезімтал, рухы таза бозбала Абай әкесінің тапсырмасымен Сүйіндіктің
ауылына барғанда сұлулыққа, әдімілікке еліте бастайды. Себебі бұл күні ол алғаш Тоғжанды
көреді. Бойжеткеннің үлбіреген жүзіне, әр қимылына ынтызар болған ол: «Махаббат па . . .» деп
жүрек үніне үңіледі. «Не боп барады? Бұл не сезім? Тақатым қайда? Сабырым қайда?» деп
жүрегі аттай тулағанда, Тоғжанның аппақ білегі көз алдына келеді. Міне, дәл осы сәтте: «Ақ
етің аппақ екен атқан таңдай» деген өлең жолдары тіліне орала береді. Бұл ғашық жарына
арнаған ең алғашқы өлең жолы еді.
Абайдың сезімтал жүрегіне ұшқын ұялатып, өлең жазуға шабыт берген сәт – осы кездесу
еді. Жігіттікке қадам басқан Абайдың Тоғжанмен кездесуі оны ақындық жолға шын бет
бұруына алып келгені сөзсіз. Осы кездесуден кейін екі ғашықтың арасындағы сүйіспеншілік
өлең боп өріліп, жыр болып төгіледі. Мұң мен сырға толы махаббат хикаясынан туған өлеңдер
қазақ даласының өлең өлкесінде төрден орын алды. Ата-баба салты мен әке-шешесінің үкіменен
аса алмаған қос ғашық бірге бола алмайды. Тоғжанға деген махаббатының орындалмайтын
арман екенін түсініп:
Сап, сап көңілім, сап көңілім!
Сағынышқа сарғайма.
Жәй жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма? – деп сезімін бұғаулайды. Алабұртқан көңіліне басу айтады. Тоғжандай
жан енді қайта кездеспес деп:
Жарқ етпес, қара көңілім не қылса да,
Аспанда Ай менен Күн шағылса да.
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да,- дейді. Сүйгеніне деген ыстық сезімін осылай білдіреді.
«Махаббатсыз дүние бос . . » деп ең ұлы сезімді бір ауыз сөзбен түйіндеген Абайдың халық
аузында айтылып жүрген махаббат тақырыбындағы өлеңдері жетерлік.
Қорыта айтқанда, Абайдың ақындық қуатының өсуіне себеп болған – Тоғжанға деген
махаббаты деуге болады. «Абай жолындағы» ақындық ғұмырының жарқын көрінісін ашқан
тақырып дәл осы Тоғжанмен кездескенінен бастау алады.
ҰҒА-ның академигі Уәлихан Қалижан
«Абай – бүкіл адамзаттың игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэзия, даналықтың, махаббат пен
адалдықтың поэзиясы» деп баға берген екен. Расында, махаббат тақырыбындағы ақынның
шеберлігінде мін жоқ.