«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

24. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде
тұрғысынан талдап жаз
Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін
мен ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне
қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады.
Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кесті
құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жарықсыз болмас»
деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі
елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе,
ер түрікпеннен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің
арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да
жеңілмес еді». Алты бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық
екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас
жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым!». Көз алдыңызға көкірек ке-
нересін даналық кемсерген, әулие-абыз қарияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абыройлы
өлімнің алдында құлқамыт өмірдің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан
қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария
тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек-
сіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа
да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді.
Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңірді
әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен
табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға
айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эсселік әдеби толғаныстарында жылқы
жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам
тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас
тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай.
« – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле
құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аңқыған сәуле
санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ басқандай жазуы ненің сипаты?
«Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен?
«Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты
келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» ойсыз,
бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлттың намысына
тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш
құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!»
дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды
мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді.
Қорыта айтқанда, Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі құлдық санадан ұлттық
санаға қалай ұмтылудың үлгісін көрсете білген алғашқы жазушылық қадамдардың бірі. Әңгігме


туралы «Құлдық қамыт еркіндікте емес, құлдық – санада дегісі келеді шығарма»,-деп пікір
айтқан әдебиет сыншысы Сағадат Ордашеваның бағасына лайық дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет