«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


 Жарасқан Әбдірашевтың «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасында көтерілген мәселелердің бүгінгі



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

26. Жарасқан Әбдірашевтың «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасында көтерілген мәселелердің бүгінгі
күнгі өзектілігі қандай?
Сені мылқау ету үшін әуелі
Кесу керек мына менің тілімді?
Жарасқан Әбдірашев
Туған даласын Жарасқандай жырлаған, Жарасқандай қорғағысы келген ешкім жоқ шығар. Туған
даласына деген перзенттік борышын «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы арқылы жеткізген ақын
толғанысы бүгінгі күннің басты мәселелеріне қозғау салғандай. ХХ ғасырда көтерілген мәселе әлі күнге
дейін өзекті ме? 
Уақыт қана емдей алар емдесе,
Ауыр дертке шалдықпаған ел неше?
Қайғырыпсың қара аспанның астында
Қара тауым сен кеше,- деп, қазақ даласының басынан талай нәубет өткенін еске алғандай. Осы
жолдар «Ауыр дертке шалдыққан» Семей даласы мен Арал теңізінің жайын есіме түсіргендей болды.
Адамзат тарихында болған апаттардың барлығын уақыт емдегенмен Жер-ана қалпына келмейтіні
өкінішті. Сайын даламыздың төсі әлі жараланып, әлі де орман-тоғайына балта шабылып жатқаны
шындық. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының аумағындағы орман өртке
оранды. (
https://egemen.kz
) Табиғат ананың жанына тағы жара салынды. Қарапайым қауіпсіздік
шараларын ұстамағандықтан, табиғатымыз ауырт дертке шалдығуда. Бұл бір ғана мысал. Одан бөлек
мұнай өндірістерінің туған далымызға әкеп жатқан залалы көп боп тұр. Бір ғана жылдың ішінде Атырау
облысыныда экологияға залал келтірген мұнай компанияларына 1 млд теңге айыппұл салыныпты.
(https://egemen.kz/article/267505-zalal-kolemi-%E2%80%93-1-mlrd-tenhge) Бұл айыппұлдар даламыздың
дертінен айығуына сеп бола ма? Адам қолымен жасалып жатқан осындай залалдардан соң табиғат қайта
қалпына келе ме? Ақын айтқандай, бұны тек уақыт емдей алатын шығар. 
Менің ойымша, поэмада көтерілген тағы бір мәселе, қазақ даласының өзге елге берілуі,
жеріміздің сатылуы.
Қаһарыңмен жауыңды қаймықтырып,
Өзің сосын өзгеге донор болдың!
Донор болдың, жібердің жалғап күшін
Жатқан кезде тістелеп, бармақты шын,- деген жолдарында ақын жеріміздің өзге сырт мемлекеттердің
пайдалануын меңзегендей. Бұл мәселе әлі өзекті. «Жеріміз шетелдіктерге сатылмауы, жалға берілмеуі
тиіс» деп ұлт жанашырлары, ел азаматтары біраз жылдан бері айтып жүр. Биыл мемлекет басшысы
Қасымжомарт Тоқаев осы даулы мәселеге нүкте қойып, жер сатылмайтынын айтып, заңға қойды. Ата-
бабамыз осынша ұланғайыр жерді ғасырлар бойы сақтап келді. Ол туралы да Жарасқан Әбдірашев:
Туған дала түсінгенге тағдырың
Эстафетта таяқшасы сияқты.
Білемін мен ауыр кезді, аш күнді, бастан кешті
Жанарына жас тұнды
Қайран бабам, бірақ оны әкеме
Аман-есен өз қолымен тапсырды.
Бас біреулер аңқаулығын аңдаған
Алдап алмақ, тартып алмақ бұл додаң


Қанын төгіп, қалды қорғап ақыры
Аман-есен табыс етті ол маған
Әр күніне, әр айына, жылына
Ғасыр жүгін арқалатып, жырыма айналдырдым
Сондықтан да мен оны салтанатпен
Ұсынармын ұлыма,- деп, туған жерін аталарымыздан алған эстафета таяқшасы секілді ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу керектігін керемет жеткізеді. Бұл туралы Елбасымыз да өзінің «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласында күллі түркі халқының Отаны болған туған жерімізді көзіміздің қарашығындай
сақтап, түрлі жобалар арқылы тарихымызды тануға шақырды. Дәл осылай ақын армандағандай, Ұлы
даламызды келер ұрпаққа аман-есен табыстайтын боламыз.
Ұлы даланың бір перзенті ретінде мен де сөзімді:
Сені соқыр ету үшін әуелі
Ою керек мына менің көзімді
Тисе біреу намысыңа
Шыдамын былай қалып анық
Қорғап тұрарың
Сен саңырау болу үшін әуелі
Біту керек мына менің құлағым
Шығармайын дыбысыңды, дымыңды
Деседе кім өшіре алмайды үніңді
Сені мылқау ету үшін әуелі
Кесу керек мына менің тілімді!- деп ақынның жыр шумақтарымен аяқтағым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет