29. «Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры». Тұлғалық болмысын талдап жаз (Әлихан
Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл).
XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту
идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар
қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.
Н. Ә. Назарбаев
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Өздерінің
қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге
тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын
тоқтатуға мәжбүр етті. Осылайша азаттық таңын аңсаған арыстарымыздың арманы орындалмай
қалды.
Сол арыстардың бірі Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне
апарып тастауы керек»,-деген болатын. Аталар арманын тәуелсіз ұрпақ аяғына дейін жеткізді,
оның басында ұлт ұланы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып
дүние жүзіне танылуда. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық
рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік
шыңына көтерілу.
«Елге ел қосылса құт» деген халық даналығы бар. Кезінде тағдырдың талайымен
атамекеннен жырақ, сыртта қалған қандастарымыздың мәселесі кімді де болса толғандырары
анық. Бұл мәселе – Алаш зиялыларын да толғандырған мәселелердің бірі. Алаш көсемі Әлихан
Бөкейханның: «Түбі телім болған қазақтар басын қоспай қазақ қазақ болмайды», – деген
сөзінен-ақ Алаштың арманын бөліп-жармай, Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келгенін
ұғамыз.
Әлихан атамыздың тіліміздің негізін құраушы, оны бөтен тілден аластап тазартушы
екенін білі біліп, бірі біле бермес. Тіл мәселесіне арналған «Қотыр сөздер», «Жат тілді оқыту
әдісі», «Мектеп қай тілде болу керек?» «Қазақша ай аттары», «Дұрыс па? Бұрыс па?» және басқа
да бірқатар мақалалар жазған, тілдің жайын жақсы білген алаш оқымыстысы. («Әдебиет
порталы») Тіл қадірін, қазақ тілінің қасиетін білмейтін адам «Анық түрік затты халық тілі –
біздің қазақ тілі» деген сөзді айта ма?
Академик Кеңес Нұрпейісұлы атап көрсеткендей, Әлихан Бөкейхан - халқымыздың саяси
көсемі. Бір халықтың саяси көсемінің елдің ішкі саясатының ең өзекті мәселесі тілге, тіл
саясатына мән бермеуі, оны назардан тыс қалдыруы мүмкін емес еді. Дәлірек айтқанда, ол өзінің
саяси жолының алғашқы қадамынан бастап қазақ тілінің ісқағаз жүргізу, сот пен тергеу, білім
беру тілі болуын күн тәртібіне қойған, ресми органдардан талап еткен саясаткер.
Әлихан атам – айбарлы,
Талай жауды қайтарды.
Сол аталар болмаса
Тілдің жайын айтар кім?!
Дегім келеді сөз аяғын.
Достарыңызбен бөлісу: |