«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

13. Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын
ақтай алды ма?
«Адамның қателігі кемшілік жіберуінде емес, 
сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде».
(Оралхан Бөкей)
Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінің басты кейіпкері Ерік - іші тар, құлқынқұмар,
өзінен озғанды өлердей жек көретін адам. Қанша жеккөрінішті жан болса да, ол да бір ананың
құрсағын жарып шыққан перзент, түн ұйқысын төрт бөліп асырап баққан, тәрбие берген,
болашағынан үлкен үміт күткен бала. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым» дейді.
Ешбір ана өз баласын жамандыққа қимайды. Ал Ерік өз анасының алдында, туған жерінің
алдында перзенттік борышын ақтай алды ма?
Біріншіден, Ерік өзінің бала кезден бірге өскен кластасы Тағанды жек көреді, оның елді
аузына қаратып, шешенсіп сөйлегенін жақтырмайды. Жалпы білім, мәдениет пен өнер жолында
жүргендерді арамтамақтар, елдің арқасында күн көріп жүрген ақсаусақтар мен жөліктер деп
бағалайды. Кезінде ғылым мен білімде дес бермеген аспирант досы Тағанның араққа салынып
кеткеніне қуанбаса, ренжи қоймайды, ренжімегені былай тұрсын, өзіне жалшы етіп алып,
арақтың құлына айналдырады. Міне, бұл - Еріктің достың алдындағы адалдықты ақтамағаны.
Екіншіден, Ерік өзінің туып-өскен Алтайдың үстіндегі әсем орманы мен астындағы
қазынаға толы қойнауын қаладан келген өзі секілді досы Прохордың қарақшыларына аяусыз
сатады. Табиғат-Ананың алдындағы перзенттік парызын өтемегені былай тұрсын, оның жүрегі
еліне, жеріне, туған- туысына деген жаны ашу деген сезімнен жұрдай болған.
Үшіншіден, тіпті туған анасы Нұрке мен жары Айнаға да жаны ашымайтын, түпкі
мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен
ұмтылады. «Шығармада шартты түрде біз талдап отырған үш арнаның ішінде зиянды, кері
тартқан, регрестік, әділдікке емес зұлымдыққа, қайырымға емес қиянатқа, дамуға емес
анархияға апаратын апатты бағыттың уәкілі».
/https://massaget.kz/
Бәлкім, бұған артында қалар
ұрпағының да керек еместігі сондықтан.
Пайдаға белшеден батамын деген оймен Америкадан әкелген араның тұқымын жергілікті
аралармен будандастырып, ерекше түр алады, бірақ үлкендердің айтуынша, мұндай будандар
алдымен балын берсе, кейін уын беретінін айтса да, олардың ақылын құлағына қыстыра
еқоймайды. Ақыры анасының ажалы осы арадан болады.
«Атау кере» шығармасы жазылған уақыт елде Кеңес заманы тарқап, мүліктің бәрі талан-
таражға түсіп жатқан кезде жазылған шығарма болғандықтан, сол кездің бет-бейнесін жазушы
айна-қатесіз көрсете алған. Осы повесть арқылы жазушы оқырманға пайданы ойлап, пезенттік
парызды ұмытпау керек екенін еске салғандай. Бір уақыттары дамыған өркениетті елдерде
осындай берекесіздік пен жабайылық орын алғанда, ондайлардың бетін қайтарған руханият
иелері - жазушылар болатын. Міне, біз де осы «Атау керені» оқи отырып, елдің, халықтың,
отбасымыздың, жарымыз бен анамыздың алдындағы азаматтық, перзенттік парызымызды
өтеуді ұмытпайық, қу құлқынды ойлай беруден сәл тыйылып, жан-жағымызға жанашырлықпен
қарайық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет