Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


География, Жаратылыстану оқу пәндері



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

География, Жаратылыстану оқу пәндері
Қазіргі кездегі білім беру негізінде оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке 
тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу 
мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды 
қамтамасыз ету қажеттілігі бірінші орында. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті 
білім алушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу 
үшін жағдай жасау және үлгермеудегі олқылықтарды жою болып табылады.
Осыған орай, география пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту 
әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны 
тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін маңызды 
мәселеге айналуда. 
«География» пәнін негізгі орта білім деңгейінде (7-9-сыныптар) оқытудың 
мақсаты дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдай білетін, географиялық 
ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және 
қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу үшін білім 
алушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып 
табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет 
болады: 
- географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы 
адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін 
түсінуге мүмкіндік беру; 
- білім алушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара 
байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми 
көзқарастарды қалыптастыру; 
- қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді 
пайдаланудың ғылыми жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін 
ашу; 
- білім алушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу 
дағдыларын игеруіне ықпал жасау; 


44 
- білім алушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін 
меңгеруіне ықпал жасау; 
- білім алушылардың кеңістіктік ойлауы мен картографиялық дағдыларын 
қалыптастыру; 
- географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану 
дағдыларын қалыптастыру.
Осы аталғандарды игермеу үлгермеушілікке алып келеді 
Үлгермеушілік – бұл оқудағы артта қалушылық, бұл ретте бөлінген уақыт 
ішінде білім алушы оқу бағдарламасында көзделген білімді қанағаттанарлық 
деңгейде меңгерме алмауы. Оқытуға байланысты топта да, жеке де білім алушы 
оқу бағдарламасын толық игермеуі көптеген жағдайларға байланысты
Оқуды меңгермеген білім алушының не себепті игере алмауын анықтау күрделі 
нәрсе емес. Біз оның тудыратын себептерді білуіміз керек. Бұл психикалық 
белсенділіктің төмен сапасы, бала, оның оқуға деген ынтасының болмауы, оқу 
процесін ұйымдастырудың жетілмегендігі және т.б. себептер болуы мүмкін. 
Мұғалімнің мақсаты: 
- білім алушылардың географиялық білімді алуда оқу бағдарламаларын 
мақсатқа сай түсіне білуін қамтамасыз ету, жағдай жасау; 
- оқу үдерісін ұйымдастыру барысында педагогикалық технологияларды 
іріктеу, карталармен жұмыс жүргізу арқылы үлгерімі нашар білім алушылардың 
оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру; 
- көп деңгейлі оқытуды жүзеге асыру; 
- үлгерімі нашар білім алушылардың ерекшеліктерін, олардың оқуда қалып 
қою себептерін және әлсіз уәждемесін зерделеу. 
- білім алушылардың оқу еңбегіне жауапкершілікпен қарауын 
қалыптастыру 
- білім алушы әртүрлі себептер бойынша оқудан артта қалуы мүмкін: 
- науқастануы бойынша сабақтарды өткізіп жіберу; 
- әлсіз жалпы физикалық даму, созылмалы аурулардың болуы; 
- қолайсыз отбасы; 
- «көше» мәселесі. 
Пән мұғалімі ретінде білім алушының оқу бағдарламасын неге 
үйренбейтінін, оған бұл мәселеде қалай көмектесуге болатындығын түсінуге 
тырысу қажет. Сәтсіздіктің нақты себептерін анықтап алып барып жоспар жасау 
керек.
Пәнді оқу мәселесі бойынша сынып жетекшісімен, әлеуметтік педагогпен, 
педагог-психологпен, білім алушының ата-анасымен бірлесіп жұмыс істей білу 
шеберлікті талап етеді. 
Кез келген мұғалім алдымен үлгерімі нашар білім алушыларға көңіл бөліп 
сабақта жағымды атмосфера жасайды, дер кезінде көмек көрсете отырып, еркін 
таңдау мен сәттілік жағдайын жасау ғана нәтиже бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет