6
Қажылық
ИхрАм
Ихрам – қажылық кезінде қасиетті жерге аяқ ба-
сып, ақ киім кию. Қажылардың киетін ақ киімін «их-
рам» деп атайды. Ол «рида» және «изар» деп аталатын
екі кесек ақ матадан тұрады, мата инеден өтпеген бо-
лады.
Ихрам хал-күйіне түсетін жерді «миқат» деп атай-
ды. Мәселен, ұшақпен
ұшып келетін қажылар Жид-
да қаласынан ихрам хал-күйіне түссе, кемемен жүзіп
келетін қажылар Қызыл теңіз жағасындағы Рабиғ деген
шағын қаладан ихрам хал-күйіне түседі. Ал қажылықтан
бұрын Мәдина қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың
(
с.а.с.
) қабіріне зиярат қылған мұсылмандар Меккеден
437 км, ал Мәдинадан 10 шақырым жерде орналасқан
Зүл-Халифа ауылынан ихрам хал-күйіне түседі.
Көп жағдайда шартараптан келетін қажылар Сауд
Арабиясына ұшатын ұшаққа кірердің алдында ихрам
киімін киіп, ихрам хал-күйіне түседі.
7
جحلا كسانم
Сонымен, ихрам хал-күйіне түсердің алдында
мұсылман
қажылыққа баруға ниет қылады, сақал-
мұртын күзеп, не
қырып, қолтық, шат жүндерін,
тырнақтарын алып, денесін бастан-аяқ толық жуады.
Осы шарттарды орындап болғасын қажы:
«Ләббәйкә
аллаһумма хажжән» (
«Я, Алла! Міне, мен Сенің
алдыңда қажымын»), – дейді.
Сосын ихрамды жалаңаш денесіне киеді: изар-
ды
беліне орайды, ал риданы сол иықтан асырып,
кеудесі мен арқасын жабады.
Ихрамды кигесін қажы
екі рәкаттан тұратын «Сүннет әл-ихрам» намазын не
мезгіл намазды оқиды.
Ихрам хал-күйі кезінде қажы адам мына
қағидаларды қатал ұстайды:
Ихрамнан басқа киім кимейді.
•
Аяққа тобықты
жаппайтын ашық аяқ киім
•
киеді.
Достарыңызбен бөлісу: