Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم


جحلا كسانم Мәдинаның орталық бөлігі  (үстінен қарағанда)



Pdf көрінісі
бет81/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Мәдинаның орталық бөлігі 
(үстінен қарағанда)
 
мәдИНА
Мәдина – мұсылмандар үшін Меккеден кейінгі 
екінші қасиетті қала. Мәдина – Сауд Арабиясы 
корольдігінің батыс бөлігінде, Меккеден 430 км 
қашықтықта орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 625 м 
биіктікте оазисте жайғасқан. 
Мәдинаның теңеуі «мүнәууәра», яғни арабтар нұр-
лы Мәдина деп атайды. Қажылар Мәдина мүнәууәраға 
бет алғанда, Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.

осы шаһарға кірген күнін еске алады. 622 жылдың 22 
қыркүйегінде Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) сахабалары-
мен Йәсриб қаласына келеді.
Осы күннен мұсылмандардың жыл санауы – 
һижра жылы басталады. Кейін Иәсрибті мұсылмандар 
«мәдинан-нәби» («Пайғамбардың қаласы») деп, немесе 
тек қана Мәдина деп атап кеткен. 
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) өмірінің соңғы 
10 жылын осы қалада өткізген. Осы уақыт ішінде Алла 
тағала оған Құран кәрімдегі 2, 98, 64, 62, 8, 47, 3, 61, 
57, 4, 65, 59, 33, 63, 24, 58, 22, 48, 66, 60, 110, 49, 9 және 
5-ші сүрелерді уақыт-уақытымен түсірген. Сондықтан 


138
Қажылық
қасиетті Кітаптағы 114 сүренің осы 24 сүресін 
«мәдиналық» деп атайды.
Нұрлы Мәдинаның 95 теңеуі бар: «Таиба» 
(«Қошеметті»), «әл-Асыма» («Астана»), «Бәйт Расул 
Алла» («Алла Елшісінің Үйі»), «Дар әл-Фатх» («Бе-
ташар шаңырақ»), «Құббат әл-Ислам» («Исламның 
күмбезі»), «Қалб әл-Иман» («Иманның жүрегі»), «Дар 
әл-Сүнна» («Сүннеттің Ордасы») және т.б. 
Пайғамбар мешітіне зиярат
Мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың (
с.а.с.

өмірімен тығыз байланысты үш мешітті – Меккедегі 
«Масжид Харам», Мәдинадағы «Мәсжид Нәбәуи» 
(«Пайғамбар мешіті») және Иерусалимдегі «Масжид 
Ақса» («Алыстағы мешітті») қасиетті деп санайды.
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) Мәдинадағы 
мешіттің құрылысына өзі тікелей қатысып, алғашқы 
мұсылмандармен бірге саз балшық илеп, тастан кірпіш 
қалаған.
Мешіт Алланың Елшісі (
с.а.с.
) алғаш рет Йәсриб 
шаһарына келгенде түйесі шөккен жерге салынды. 


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет