0
Маңғыстау облысының білім басқармасы
«Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ
«Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК
Ақпараттық хабарлама
«Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК 2023 жылғы 22 ақпан күні
«Туризм
және қонақжайлылық: дамудың жаңа тұжырымдамалары, мүмкіндіктер
мен құралдары»
тақырыбында колледж
оқытушылары мен студенттері
арасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
өткізуді жоспарлап
отыр.
Конференцияның мақсаты:
Туристік қызметтерді ілгерілету және туризм индустриясын дамыту үшін
инновациялық технологиялар мен стратегияларды қолдану тәжірибесімен
бөлісу;
Қонақжайлылық индустриясының ұлттық брендін қалыптастыра отырып,
этномәдени дәстүрлер мен құндылықтарды
трансформациялау процесін
бағалау;
Қоғамдық тамақтандыруды дамытудың заманауи
тенденцияларын және
сервис пен қызмет көрсету саласындағы
әлемдік инновациялардың
бейімделу мүмкіндіктерін зерттеу.
Конференцияда төмендегі бағыттар бойынша секция жұмыстарын
жүргізіледі:
1-бағыт:
«Туризм мен қонақжайлылықтың
сандык және ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялары,
трансформация
стратегиялары»
(оқытушылар үшін)
2-бағыт:
«Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету»
( студенттер үшін)
3-бағыт:
«Қоғамдық тамақтандыру саласын
дамытудың инновациялық
бағыттары»
(оқытушылар үшін)
Конференцияға қатысушылар:
техникалық
және кәсіптік білім беру
ұйымдарының оқытушылары мен студенттері.
Өткізу форматы:
Онлайн (Zoom платформасы).