141
теу) деп аталды. Сөйтіп, Қайта өрлеу заманының өшпес нәтижесі –
гуманистік ағымның сол кездегі қоғам мәдениеті саласында пайда
болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым
философиялық ой-санаға ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық
нормаларға, әдебиет пен көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын
тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын
өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды.
XIV ғ. екінші жартысынан бастап, көне классикалық грек және
латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам
өсе бастайды. Олар мәдени саладағы маңдайалды үлгі, білім алғысы
келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалана бастайды. Гуманистік
әдебиет білім мен ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. «Қайта
өрлеу» деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық
мәдениетке деген құштарлықтан шығаруға болады. Алайда бұл талпы-
нысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде
қайта оралу деп түсінсек, ол қате болар еді. Оны біз қайта оралу, көне
мәдениетке
баға
беріп, өз заманынан
бөлу
, сонымен
Достарыңызбен бөлісу: