137
дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде салынатын салықтар да
өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді.
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі
мемлекеттің басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру
үшін, әскер ұстап, шекараны күзетіп
және ел ішінде өзінің саяси
қарсыластарымен күресу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың
көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей араласып,
ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін.
«Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге
мемлекеттің өзі де әлсірейді», – дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке осы-
дан 500 жыл бұрын өмір сүрген Ибн-Халдуннан
дәріс алса жөн болар
еді). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын алып, басқа
жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамақ, киім іздеп, дүниенің
төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды,
өйткені мемлекет – қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы – ол
сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.
Сөйтіп, мемлекет күйреді. Бірақ ол
мемлекет атаулының бәрінің
де жойылуы емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да
тарихтағы өзінің қажетті сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке
береді.
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар.
Оның
ұзақтығы, орташа алғанда,
Достарыңызбен бөлісу: