Серік Мырзалы философия оқу құралы


сыртқы әсерге жасайтын iшкi реакциясының



Pdf көрінісі
бет141/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

сыртқы әсерге жасайтын iшкi реакциясының
механизмiн ашты. Оның ойынша, сыртқы әсердi миға жеткiзетiн – 
артериялар iшiнде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектерi. Әрине, бүгiнгi 
физиология ғылымының тұрғысынан, мұндай пiкiрдi тұрпайы деп 
бағалауға болар едi. Бiрақ шартсыз рефлекстiң алғашқы болжамын 
жасаған Р.Декарт екенi даусыз. Сонымен, егер жануарлардың жан-
дүниесi болмаса, онда олар – өте күрделi машиналар.
Адам дене ретiнде жануар әлемiне жақын, сонда оның да машина 
болуы туралы заңды сұрақ ойға келедi. Оған Р.Декарт үзiлдi-кесiлдi 
терiс жауап бередi. Бiрiншiден, адам мақсатқа лайықты iс-әрекет жасай 
алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесiмдi 
жауап бере алады, өйткенi ол ақыл-ой елегiнен барлығын өткiзiп, 
шешiмiн табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесi – жан-жақты құрал», – 
дейдi Р.Декарт. Адамның екiншi ерекшелiгi – ол сөйлей алатын пенде. 
Олай болса, адамның басқа тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы – оның 
рухында.
Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi
Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт: 
«Бәрiне де күмәндану керек», – деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан 
сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр 
тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты 
болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, Күн кiшкентай 
және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы 
түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де 
күмәндануға болады. Сөйтіп, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толы-
ғынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбайтын ақиқат 
қалмайды...
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Шашынан 
ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарттың ойынша, 
бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы 
күмәндану
екен, өйткенi бар-
лығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмән-
дана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет