Серік Мырзалы философия оқу құралы


алаң , ия болмаса  базар



Pdf көрінісі
бет139/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

алаң
, ия болмаса 
базар
елестерi (idola fori). «Олар 
қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар 
көзi – зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу. 
Ал шынына келсек, сөз – затқа қойылған ат қана. Сөз көбiне заттың 
не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi», – дейдi 
ұлы ойшыл. Егер сөздi затқа теңесек, онда көбiне бiз «жалған даналық» 
жолына түсiп кетемiз. Бұл елеске берген сыннан бiз Ф.Бэконның 
схоластикалық философияға қарсы бағытталған көзқарасын болжай-
мыз.
Төртiншi, соңғы елес – ол 
театрлар
идолы (idola theatri). Олардың 
дүниеге келу себебi – тарихтағы өмiр сүрген даналарға, ұлы тұлға-
ларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми 
тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат» ретiнде түсiну. 
Мысалы, белгiлi бiр мәселе бойынша: «Аристотель былай деп айтқан, 
ал сiз Аристотельден де ақылдысыз ба?» – деген дау-дамайдан сол 
адамның «театр елесiнiң» шеңберiнде екенiн байқаймыз. «Ақиқат 
беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», – деп қорытады 
Ф.Бэкон. Жуықта ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негiзгi елесi 
осы «театр елесi» болды емес пе? Тек беделдiлердiң аттары ғана 
өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. 


160
Бүгiнгi таңдағы қоғамды демократизациялау, көппiкiрлiк принципке 
көшу бұл елестiң өмiрден кетуiнің себебіне айналып отыр. 
Сөйтіп, жоғарыда көрсетiлген идолдар қандай күштi болғанмен, 
ғылым жолына түскен адам өзiнiң ақыл-ойын, дүниетанымын олардан 
тазарту керектігін айтады ұлы ойшыл. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға 
болады.
Тәжiрибелiк-индуктивтiк әдiстеме жасау
Ғылым жолын неше түрлi елестерден тазартқаннан кейiн, 
Ф.Бэконның алдында жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесi тұрды. Ол 
үшiн ең алдымен сол кездегi философиядағы дерексіз-схоластикалық 
әдiстердi сынау қажет болды. Олар – нәтижесiз. Белгiлi бiр жалпы 
ұғымдарға негiзделген табиғаттың өзiне, сондағы құбылыстарға 
назар аудару керек. «Табиғаттың нәзiк сырлары көп тұжырымдардан 
анағұрлым терең», – дейдi Ф.Бэкон.
Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп, оларды толығынан 
терiске шығарды деген пiкiрден бiз аулақпыз. Әңгiме сол жалпы 
ұғымдардың қалай шығарылғанында. Егер олар кездейсоқ деректердi 
жалпылаудың негiзiнде пайда болса, онда олардан шығарылған 
тұжырымдар бiздi жалған жолға түсiредi, адастырады.
Жалпы ұғымдар тәжiрибеден шығуы керек. Бiрақ бiз оны әрқашан 
сынап, ой елегiнен өткiзiп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында 
жатқанның бәрiн жинай беретiн құмырсқаға (сол кездегi алхимик-
тер), сонымен қатар бәрiн өз iшiнен шығарып, өзiнiң торын тоқитын 
өрмекшiге (сол кездегi схоластар) ұқсамауы керек. Ол әрбiр гүлге 
қонып, оның нәрiн жинап, оларды қайта өңдеп балға айналдыратын 
араға ұқсас болуы қажет», – деп қорытады Ф.Бэкон.
Жекеден жалпылыққа өрлеудi – индуктивтi әдiстеменi – алғаш рет 
Ф.Бэкон дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi. 
Өз заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдiстемесiн 
жасаған болатын. Орта ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған 
жоқты.
Ф.Бэконның бұл әдiстемеге енгiзген негiзгi жаңалығы – тек қана 
белгiлi бiр ұғымды дәлелдейтiн деректердi ғана емес, сонымен қатар 
оған қайшы келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды.
Жалқыдан жалпыға жету жолында үш кесте жасау керек. Олар: 
tabula presentiae – деректердiң болу кестесі, екiншi – tabula absentiae – 
деректердiң болмаған кестесі, үшiншi – tabula graduum – деректердiң 
азды-көптi болуының деңгейiн көрсететiн кесте. Зерттеу жолында бұл 
кестелер толтырылғаннан кейiн, соларды салыстыру арқылы белгiлi бiр 
ұғымдарды тудыруға мүмкiндiк пайда болады.


161
Сонымен, Ф.Бэкон – жаңа дәуiрдегi қалыптасып жатқан тәжiрибелiк 
ғылымның дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет