157
тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге кел-
ген схоластикалық ойлау жүйесi қатты сынға алына бастайды. Тарихта
болған ұлы тұлғалардың ешқандай ой-пiкiрi жаңа дамып келе жатқан
жаратылыстану ғылымдарына кедергi болмауы керек, олар ерiктi түрде
өз пәнiн зерттеуi қажет деген ой қоғамдық
санада басымдыққа ие
болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең
заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн
көрсетедi деген
пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа
дәуiрдегi философияны тудырып, оны ары қарай дамытады. Ендi
нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: