153
Үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің геоцентрлік
жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта іс жүзінде
ескірді.
Осындай жағдайда поляк ғалымы
Н.Коперник
(1473-1543 жж.)
астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі
еңбегі – «Аспан аймақтарының айналуы туралы». Бұл еңбектегі негізгі
идея – Жер ғарыштың ортасы емес, ол, біріншіден, өзінің діңгегінен
айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн – дүниенің ортасында
тұрған шамшырақ (гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің
ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді.
Н.Коперник Айдың Жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам
жасады.
Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік
жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол – алыстағы қозғалмайтын
жұлдыздарды бұл дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа
планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары
біртекті деген пікірлер.
Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктің ашқан
жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға
аттанатын жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: