Орындаған: Сисенбаев Ж.
Тексерген: Бисенова А.
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы Ғ.Ж.Дәукеев атыындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ 20-тақырып Жоспары: 1. Саяси ойдың дамуына шіркеудің ықпалы.
2. Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар.
3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар.
Саяси ойдың дамуына шіркеудің ықпалы Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ.ғ.). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Үкімет басында дін иелері ме, әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген - құдай, сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына қалдырғысы келді.
Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
Аврелий Августин (354-430)
Құқықтық мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос, жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой (ортағасырлық юриспруденция, саяси ғылым, философия теология) ежелгі дәуір мен жаңа дәуір идеяларының арасында маңызды байланыстырушы роль атқарды.Бұл ретте ортағасырлық теологияның беделді өкілі Фома Аквинскийдің (1225-1274) саяси-құқықтық көзқарасы танымды болып табылады.Жаңа жағдайларда ол ежелгі авторлардың ең алдымен Аристотельдің (адамның саяси табиғаты туралы, басқарудың саяси нысаны және т.б.туралы) және Рим заңерлерінің (табиғи-құқықтық әділдік және т.б. туралы) саяси-құқықтық идеяларының бірқатарын христиандық тұрғыда дамытты.Фома Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң өзің-өзі сақтауға және ұрпақ қалдыруға, шындық пен шынайы Құдайды іздеуге ұмтылумен қатар, Жаратушы өз бетімен және кейпімен жасаған саналы жан ретіндегі адамның беделін мойындауды жіне сыйлауды талап етеді.
Адам беделі туралы Фома Аквинский айтқан қағида христиандық гуманизмнің мызғымас негізгі принципі бола отырып, саяси-құқықтық тұрғыда адамның айырылмас табиғи құқығы идеясының алғашқы пайымдауы болды. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекет пен адам (позитивті) заңы адам беделін мойындауға және сыйлауға міндетті. Осыған сәйкес мемлекет жалпы игілікті білдіретін саяси нысан ретінде, Фома Аквинскийдің іліміне сай, адамдар үшін өмір сүруге лайықты жағдайларды, яғни адам беделіне сәйкес болатын жағдайларды қамтамасу етуі керек.Аристотельдің және басқа да ежелгі ойшылдардың қағидаларын пайдалана отырып, Фома Аквинский шексіз (абсолютті) монархтия мен саяси монархияның арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оның пайымдауына сәйкес, саяси монархияның артықшылығы – басқарудың бұл формасы жалпы ігілік адамды сыйлау монархтың өзі де бағынуға міндетті заң негізінде билікті жүзеге асыру талабын анағұрлым жақсы үлгіде білдіреді. Сонымен бірге саяси монархияда монарх билігі өкілетті органмен шектелген.Ежелгі авторалар секілді Фома Аквинский монархияны (шексіз және саяси) тирандыққа қарсы қояды және халықтық (шіркеудің келісімімен) тирандық өкіметті күшпен құлату құқығын мойындайды. Фома Аквинский мойындаған халықтың тирандыққа қарсы шығұға құқығында халықтың егемендік идеясы бар.
Фома Аквинский (1225-1274)
Осы дәуірде Марсилий Падуанский (1275-1343) өзінің мемлекет пен құқық туралы зайырлы ілімінде халықтың егемендікті анағұрлым анық мойындады және қорғады. Оның ойынша халық-барлық биліктің (зайырлы да, рухани да) көзі, егемендікті иеленуші және жоғарғы заң шығарушы. Шындығында ол «халық» деп қоғамның ортақ игілік үшін қам жеген үздік, білімді бөлігін атады.Саяси ой тарихында Марсилий Падуанский алғашқылардың бірі болып «Дүние қорғаушысы» еңбегінде мемлекетегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді заң шығарушы биліктің үстемдігі мен атқарушы биліктің жалпыға міндетті заңмен байланыстылығы негізінде бөлу тұжырымдамасын негіздейді.Марсилий Падуанский алға тартқан барлық лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік институттардың, соның ішінде монархтың да сайлануы халындағы демократиялық принципке де халықтық егемендік идеясына сүйенеді. Бұл ретте ол сайланатын монархияны ұрпақтан ұрпаққа берілетін монархияға қарағанда басқарудың әлдеқайда жетілген нысаны деп есептеді.
Марсилий Падуанский (1275-1343)
Саясатадамның ерекше қызметі ретіндеерте кезден ғылыми зерттеулердің пәніне айналды. Алғашында саясат туралы ілім философияның құрамдас бөлігі болып табылды. Ежелгі дүниеде саяси қызметті сараптауға арналған арнайы трактаттар жазылды. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу жолындағы елеулі кезең Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар мен Н. Макиавелли, Т. Мор, Ж. Боден шығармашылығын атай аламыз. Итальяндық саяси ойшыл Никколо Макиавелли (1467-1527) саяси бытыраңқылық, жеке меншіктік буржуазиялық қатынастарға негізделген мемлекеттік билікке қарсылық білдірді. Ол әлемдік саяси ғылымдар тарихына өзінің биліктің пайда болуы мен мәні, басқару түрлері, саяси процестерге қатысушыларға қойылатын талаптары туралы көзқарастары көрініс тапқан «Патша» затты еңбектің авторы ретінде енді. Бұл еңбегінде ойшыл ерекше орынды саяси лидерлік технологияларына береді. Макиавелли өзінің саяси көзқарастарында саясаттағы шындықтың шынайы шарттарын есепке алатын, саяси қимылдардың тәжірибе пайдасына бағынатын саяси реализм қағидасын ұсынды. Оның пайымдаулары бойынша, саясаттың жоғарғы ережесі және оның негізгі мәселесі - шешім қабылдау кезеңіндегі мезгілдік сипат пен өзіндік жағдайларға сәйкес келетін қимылдар түрін айқындау. Төтенше жағдайларда, егер халық шын мәнісінде бұзылса, төтенше шаралар қолдану керек. Мемлекетті нығайту үшін барлық құралдарды пайдалану қажет және мемлекет үшін дінді, моральды жоюға болады. Егер мемлекет қауіпсіздігі қабылданған шешімге байланысты болса, ол әділетті немесе әділетсіз, адамгершілікті немесе қатал, игілікті немесе ұятты екендігіне назар аударылмауы тиіс. Бәрін ысырып қойып, оның мемлекет өмірі мен еркіндігін қорғап қалу қажеттілігін ұғынғанымыз дұрыс болады.
Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар
Ойшыл арыстан мен түлкі мінездес саясаткерді дұрыс көрді. Билеуші бір сәтте қол астындағыларды үрейлендіру және алдау әдістерін қолданғанын жақтады. Макиавелли ашық түрде дінді пайдакүнемдік тұрғыда қолданылатындығын мәлімдеді. Ол үшін дін - мемлекет қолындағы ықпал жасаудың құралы. Ойшыл саяси теориясының өзегі ретінде қоғамдық және саяси өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатын әлеуметтік күреске негізделген тарихи процесс тұжырымы болып табылады. Ол саяси ғылымдарда бірінші рет саяси қақтығыстардың функционалдылығы идеясын ұсынды. Оның пікірінше, басқару түрінің өзгеруі Құдай қалауы немесе адам табиғатымен байланысты емес, күресуші күштердің заңдылықтарға сәйкес қайталанатын қимылдары билікке монарх, аристократия, халықты әкеледі.
Томас Мор (1478-1535) [3] қарастырылып отырған кезеңде социалистік бағыттағы еңбектерге көп мән берген зерттеуші және жоғарыда аталып өткен Н. Макиавелли идеяларына мүлдем ұқсамайды. Өзінің танымал «Утопия» [4] еңбегінде жеке меншік бар кезде әлеуметтік организмнің сауығуына еш мүмкіндік жоқ. Сонымен бірге мынадай пікірлер ұсынады: «Тек жеке меншік бар жерде мемлекеттік істер дұрыс және сәтті жүргізілмейді. Адамзаттың бұдан шығатын бір ғана жолы бар - жеке меншікті толықтай жою». Ойшыл пікіріне сәйкес, қоғам байлардың сөз байласуының нәтижесі болып табылады. Ал, мемлекет болса, бұл олардың қарапайым қаруы. Олар мұны халықты жаншуда, өздерінің пайдақорлық материалдық мүдделерін қорғауда қолданады. Байлар күштеу, айлакерлік пен алдау арқылы кедей халықты бағындырып, бейшаралық халге түсіреді. Мұндай әрекет мемлекет атынан халыққа міндеттейтін билік жазған заңдар көмегімен де жүзеге асады. Өз заманындағы қоғамға жанама ретінде өзі ойлап тапқан қоғамдық-саяси мәселелері мүлдем жоқ игілікті мемлекет Утопия туралы айтады. Жеке меншік жоқ Утопияда жердің өзі қоғамдық меншікте. Қоғамға барлық шығарылатын өнім де тиесілі. Барлық тауар отбасымен өндіріледі. Әрбір отбасы нақты кәсіппен айналысады. Отбасылық-кәсіптік ұйым утопиялық қоғамның өндірістік құрылымын жасақтайды. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын мемлекеттің барлық тұрғындары бірінші еңбек міндеткерлігі негізінде атқарады. Жұмыс күні 6 сағатқа созылады. Ерекше қызметтегі тұлғалар утопиялықтардың жұмыс жүргізуін бақылайды.
Томас Мор
(1478-1535)