19
Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі –
құндылықтар әлемін сараптау, әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар
болуы керек, болуға тиіс, – соларды негіздеу болып табылады.
Қоғам өміріндегі әрбір әлеуметтік топтың өзінің алатын орны,
соған сәйкес мүдделері мен мақсат-мұраттары болғаннан кейін, олар
белгілі бір философиялық бағытта негізделмей қоймайды. Әлеуметтік
болмыс белгілі бір топтың мүддесінен өтіп барып бейнеленеді, яғни
бұрмаланады. Ал мұның өзі сол топтың құндылық әлемін таңдауына
өзінің зор әсерін тигізеді. Біз мұны философияның
идеологиялық
жағы
деп түсінеміз (іdea – идея; logos – ілім, алғашқы кейіп). Сөйтіп, филосо-
фия таптық қоғамда сондағы идеологиялық және саяси қақтығыстарға
қатыспай қоймайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің
күрделі де біріктіргіш (іntegratіo – латын сөзі, біртұтас, қалпына келтіру,
толықтыру) білім, дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз.
Философияның тағы бір елеулі ерекшелігін алатын болсақ, ол –
ХХ ғасырда пайда болған
тілге
деген үлкен
қызығушылық
. Белгілі
орыс философы В.В.Бибихиннің: «Философия – қабылдайтын түсінік
ретінде өзінің дүниеге ашықтығымен тілге тең», – деген пікірінде үлкен
сыр жатса керек. Ал неміс философы Г.Г.Гадамерді алатын болсақ, ол:
«Тіл дегеніміз – барын қамтитын дүниенің алдын ала берілген түсіні-
гі», – дейді.
Расында да, сәби ананың ақ сүтімен, әлди-әлди өлеңімен бірге өзінің
жан дүниесіне туған тілін сіңіріп, жарық дүниенің есігін алғаш ашып,
өмірге деген дүниетанымы мен түсінігін, ер жете келе көзқарасын
қалыптастырады. Қайсыбір халық өзінің тарихи мыңдаған жылдар
бойы қалыптасқан тілі арқылы қоршаған болмысты өзінше бейнелеп,
сезінеді. Сондықтан атақты неміс философы М.Хайдеггердің: «Тіл –
болмыстың үйі», – деген нақыл сөзінде үлкен мән-мағына жатыр,
олай болса, әр халықтың тіліне сәйкес философиясы, өмір салты,
әдет-ғұрпы, рухани өмірі, ділі бар және ол – оның өшпес құндылығы,
өйткені
Достарыңызбен бөлісу: