Серік Мырзалы философия оқу құралы


тіл жоғалған жерде халық өз-өзінен айырылады



Pdf көрінісі
бет17/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

тіл жоғалған жерде халық өз-өзінен айырылады.
Мүмкін, ол 
халық тіршілікте болуы мүмкін, бірақ ол 
тарихтың субъектісі ретінде 
өшеді.
Олай болса, қазіргі қазақ халқының ХХI ғасырдың басындағы 
тарихи шешуші сатысындағы негізгі мәселелерінің бірі – ол өз тілін 
жаңа дәрежеге көтеру, ұмыт қалған мыңдаған сөздерді бүгінгі тілге 
енгізу, ата-бабаларымыздан қалған негізгі байлықты мақтан ету, оны 
бүкіл Қазақстан халқы сыйлайтын шынайы мемлекеттік тілге айнал-
дыру. Ал қазақ зияткерлерінің (іntellectus – латын сөзі, тану, білу, ой 
еңбегімен шығармашылық деңгейде айналысатын адамдар) негізгі 
істерінің бірі – туған тілді аса ұқыптылықпен тыңдау, ұмыт қалған 


20
сөздердің мәнін ашу, уақытпен бүркеленген сөздің сырын, шынайы 
көне дүние-танымдарды жандандыру, соның негізінде 
жаңа шабыт, 
ізденіс, ұмтылыс
тудыру болмақ.
Екінші жағынан, ұлттық философиядағы өмір құндылықтары 
терең зерттеліп, олардың адамды қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі 
мүмкіншілігі қазіргі өтпелі заманда толығынан пайдаланылуы керек. 
Өмірдің талабына сәйкес біз «ашық қоғам боламыз» деген ұранмен 
Батыстың қазіргі мәдениет, рухани саладағы құндылықтарын, үлгілерін 
жаппай ішке кіргізу (оның өзінде жақсы үлгілерінен гөрі, тұрпайы 
адамдардың күңгірт, тағы түйсіктерін оятатын үлгілерді) халықтың 
шынайы мәдениетіне, дүниетанымына үлкен соққы жасап отырғаны 
біздің алаңдаушылығымызды тудырады. Бұл да болса, біздің әлі жас 
ұлт екенімізді, солақай еліктеушілігімізді, басқару жүйесінде отырған 
көп азаматтарымыздың философиялық рухани таяздығын көрсетеді. 
Ал мұның бары философияның 
«филологиялық»
(phіleo – сүю, logos – 
сөз), 
«герменевтикалық»
(hermeneutіc – грек сөзі, түсіндіру, мән-
мағынасын ашу) жағын көрсетеді.
Бұл айтылған пікір, әрине, аутаркиялық бағыт (autarcіa – грек сөзі, 
өз-өзіне жеткілікті) ұстап, басқа дүниежүзілік қауыммен араласпай, 
өне бойы артқа, батырлық заманға қарау деген ой туғызбауы керек. 
Қазіргі шешуші уақытта дәуірдің қойған талабына сай келу үшін, біз 
болашаққа батыл қарап, ең алдымен ғылыми-техникалық жетістіктерге 
негізделген жаңа, экологиялық таза (еіkos – грек сөзі, үй; logos – ілім, 
қоршаған орта жөніндегі ілім) энергияны аз пайдаланатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет