Серік Мырзалы философия оқу құралы


тәуелсіз, өзімен-өзі өмір



Pdf көрінісі
бет25/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

тәуелсіз, өзімен-өзі өмір 
сүріп жатқаны
және сол дүниедегі заттар мен құбылыстар жөніндегі 
адамның түйсіктері мен басқа қабылдау мүшелерінің дұрыс дерек 
беретіндігі жөніндегі алғашқы балама ойлары жатыр. Сондықтан 
алғашқы философтар дүниенің негізін «бірінші заттан» (су, от, ауа т.с.с.) 
іздейді, ал адамның өзі де дене ретінде ғана қаралады. Ал адамның жан 
дүниесіне келетін болсақ, оның өзін тыныспен теңестіріп, «жеңіл зат» 
ретінде қарайды. Гераклиттің «бірінші заты» отта, Демокриттің жеңіл 
және қозғалыстағы атомдары да адамның жан дүниесін құрайтын зат-
тар ретінде түсіндіріледі.
Ал таным мәселесіне келсек, оның негізгі себебі заттың үстіндегі 
жеңіл атомдар сезімдік мүшелерге келіп кіреді де, адамның түсініктерін 
тудырады деген пікір тарады.
Дегенмен тарихи мұндай көзқарастардың тұрпайылығы жара-
тылыстану ғылымдары мен психологиялық түсініктердің жетілуі 
арқасында анықталды. Адамның рухани өмірі материалдық заттардың 
ерекше жеңіл бөлшектері емес, ол, жалпы алғанда, бүкіл материяға 
тән қасиет және белгілі бір жағдай туған кезде өзін көрсетеді деген 
пікір кеңінен Жаңа дәуірде тарай бастады. Соңынан түйсік дегеніміз – 
жалпы материяның ажырамас қасиеті және белгілі бір жағдайда ол 
саналы түйсікке айналуы мүмкін деген ой туды. Олай болса, күрделі 
психикалық үдерістер тек қана түйсіктердің әр түрінің бір-бірімен 
қосылуынан туады деген пікір дүниеге келді.
ХIХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капи-
талистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі 
маркстік материализмнің пайда болуына әкеліп соқты. К.Маркс пен 
Ф.Энгельс дүниеге деген материалистік көзқарасты қоғам өміріне дейін 
көтеріп, біртұтас материалистік ілімнің негізін қалады. Сана, рухани 
өмірді түсіну үшін олар философияға бейнелеу теориясын енгізді. 
Материяның
ең жалпы қасиеті – 
бейнелеу
, осы арқылы тарихи мате-
рия өне бойы даму, күрделену үстінде. Адамның санасы – бейнелеудің 


28
ең биік мұратқа сай түрі деген пікір айтып, мидағы болып жатқан 
неше түрлі бұлдыр, көмескі үдерістердің өзі адамдардың материалдық 
болмысынан шығады деген пікірді олар «Неміс идеологиясы» деген 
еңбектерінде ашық айтты.
Сонымен қатар марксизм адам санасының өзін тудырған материал-
дық үдерістерге белсенді кері әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін 
мойындады.
Философиядағы материалистік ағым ең көне, бүгінгі таңда жан-
жақты дамыған жеке ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп, 
адамзаттың ағарған бөлігінің дүниеге деген көзқарасы ретінде өзін 
көрсеткісі келеді.
Бірақ бұл көзқарастың сонау тұрпайы материализмнен бастап 
диалектикалық материализмге дейінгі негізгі әлсіз жері – материалдық 
қоршаған ортаның логикасы қайдан шықты? Дүниенің заңдылықтары, 
оның дамуының қайнар көзі неде? деген сұрақ. Бүгінгі адамды: «Ол – 
дүниенің ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу қасиетімен байла-
нысты», – деген жауап толығынан қанағаттандыра алмайды.
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге 
қарама-қарсы бағыт – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет