1. Микроэкономика нені оқытады? Экономикалық теория дегеніміз



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі81,79 Kb.
#87751
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
микроэкономика 1
document-office2003, document-blank

1.Микроэкономика нені оқытады?


Экономикалық теория дегеніміз – адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
бойынша ғылым саласы. Міне, осы анықтамадан байқап отырғанымыздай, экономикалық теорияға екі негізгі проблема тән және ол соларды шешумен айналысады, яғни олар – 1) ресурстардың шектеулілігі және 2) адамдардың шексіз қажеттіліктері . Міне, осы іргелі проблемалар микроэкономикаға да, макроэкономикаға да ортақ болып табылады, бірақ олар әртүрлі деңгейде шешіліп, әр қырынан зерттеледі. Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы, микроэкономиканы – «бір тал ағаш» десек, онда макроэкономиканы – «біртұтас орман» деп қарастырсақ болады.
Микроэкономикалық теория макроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың негізін құрайды. Ал макроэкономикалық саясат болса өз кезегінде мемлекетпен анықталады, ол жекелеген нарықтар мен салалар үшін нақты мақсаттарды белгілейді және осы мақсаттардың жүзеге асырылуында нарықтар мен салаларды реттеудің нақты құралдарын қолданады.
Микроэкономикада да, макроэкономикада да зерттеудің сол бір ғана құралдары қолданылады, бірақ ол ғылымдардың әрқайсысы экономикалық құбылыстар мен үрдістерді әртүрлі көзқарастарда зерттейді. Макроэкономика елдің экономикасын тұтастай зерттейді, ал микроэкономика қоғамдық өнімнің құрамы мен бөлінісін қарастырады. Экономикалық білім алу үшін экономикалық теорияның осы екі бөлімі бірдей дәрежеде құнды болып табылады.
Микроэкономика жекелеген игіліктердің бағаларын, яғни салыстырмалы бағаларды зерттейді, ал макроэкономика болса бағалардың абсолютті деңгейін зерттейді.
Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.
Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет