1. Микроэкономика нені оқытады? Экономикалық теория дегеніміз



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі81,79 Kb.
#87751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
микроэкономика 1

Біріншісі., нарықтың және нарықтық қатынастардың саяси-идеологиялық және философиялық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Бұл орайда, нарықтың негізгі сипаттары ретінде төмендегілер қаралады:
а) нарық — кәсіпкерліктің еркіндігіне және мемлекеттің шектеулі роліне негізделген қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың тәсілі. Осы түрінде нарық орталықтандырылған жоспарлау және әкімшілік реттеу әдістерін қолдануға сүйенетін ұйымдастырудың тәсілдеріне қарсы тұрады;
б) нарық — шаруашылықты жүргізуші субъектілердің, қабылдаған шешімдерінің критерийлерін және субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын олардың әрекет ету тәсілі;
в) нарық — шаруашылық қызметіне қатысушылардың тиісті нарықтық көзқарасын қалыптастыратын ойлау тәсілі («нарықтық ойлау»).
«Нарық» ұғымын түсініктемелейтін екінші көзқарас, оның нақты-экономикалық мазмұнын ашып көрсетуге негізделеді. Нарық тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрқилы түрлеріне сұраныс пен ұсыныстың арақатысын анықтауға мүмкіндік беретін механизм ретінде түсініктемеленеді.*
Экономика ғылымында нарық ұғымы екі түрлі мағынаға ие. Біріншіден, ол айналыс сферасының синонимі. Және, екіншіден, белгілі бір қоғамдық қатынастарды көрсететін экономикалық категория ретінде пайдаланылады. Атап айтқанда, нарық — тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы айырбастық қатынастардың жиынтығы. Нарық — адамдардың тауарды (өнімді) өткізу және оларра сіңірілген еңбектің қоғамдық сипатын түбегейлі мойындау ісін жүзеге асыратын айырбас сферасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Жалпылама түрде нарық — ол өнімді сатып алу мен сатудың және өнімді өткізу шарттары актілерінің жиынтығы немесе К.Маркстің сөзімен айтқанда, жаңа ғана аяқталған өндіріс пен әлі басталмаған тұтынудың арасындағы «аралық саты».
Нарық — тауар айналысы, ақшаның тауарға айналу процесі жүзеге асырылатын экономика саласы: экономиканың өр түрлі салаларында өндірілген тауар массасының сатып алу-сату актілерінің өзара байланыстағы жиынтығы. Қазіргі заманғы нарық — ол, еркін өнім өндіруші — кәсіпкерлер арасындағы тауарлармен еркін жүргізілетін айырбас. Кез-келген кәсіпорынның экономикалық, шаруашылық тіршілігі, әрқашан да игіліктермен алмасуды көздейді, яғни, өндірілген өнім айналыс сферасына келіп түседі. Айырбас табиғи түрінде: бір тауар екінші тауарға тікелей айырбасталуы, немесе, тауар ақшаға сатылып, сол ақшаға басқа тауар сатып алынуы мүмкін, не болмаса, кейбір жағдайда тауарлық пішіні ақшаға, ал ақшалай пішіні тауарға (Т-А-Т) алмасады; екінші жағдайда ақша тауарға айналады да, одан кейін тауар ақшаға айналады (А-Т-А).
Рьшок дегеніміз сату — сатып алу жиынтығы; сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті; сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас; өнімнің тауар күйіндегі жүргізілетін айырбастың экономикалық пішіні.
Экономиканың нарықтық құрылымы меншіктің түрлері, тауар өндірушілердің құрылымы және олардың экономикадағы үлесі, тауардың айырбас сферасының ерекшелігі, елде пайдаланатын сауданың түрлері арқылы анықталады.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін мынадай қолайлы жағдайлар қажет:

  1. Тауар өндірушілерге толық бостандық беру.

  2. Тауар өндірушілердің толық жауапкершілігі және ынталылығы.

  3. Тауар өндірушілердің бәсекесі.

  4. Еркін баға.

  5. Мемлекеттің шаруашылықты жүргізуге килігуден бас тартуы, шаруашылықты еркін жүргізуге араласпауы.

  6. Тауар өндірушілеріміздің дүниежүзілік деңгейде шаруашылықты жүргізуге бейімделуі, әлемдік нарықтан өздеріне тиісті орынға ие болуы.

  7. Тауар өндірушілердің мемлекет тарапынан қолдау табуы, мемлекеттік реттеу мәселелерінің шешілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет