1. Микроэкономика нені оқытады? Экономикалық теория дегеніміз



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі81,79 Kb.
#87751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
микроэкономика 1
document-office2003, document-blank
Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.
Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады. Тағы бір мысал: «Барлық жерде бірдей көлемде оқудың төлемақысы көбейсе, абитуриенттер саны азаяды» деген тұжырымды позитивті талдау сипаттаса, ал нормативті талдау осы жағдайға мынадай тұжырым жасайды: «Университеттерде білім алушы студенттер санының көп болуы үшін оқудың төлемақысын қысқарту керек». Бір сөзбен айқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл тұжырымды нормативті микроэкономикаға жатқызамыз. Экономистер арасындағы көптеген нақты келіспеушіліктер талқылауға негізделген нормативті әдіспен, саясатпен байланысты. Экономистер экономикалық модельдер мен теорияларды, олардың құрамдас элементтерін қалыптастыруға тырысады. Ең көп келіспеушіліктер біздің қоғамның қандай болуы керектігі жайлы әртүрлі көзқарастар мен баламалы талқылаулар төңірегінде туындайды. Баламалы талқылаулар мен нормативті тұжырымдар экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысында пайда болады.
Микроэкономиканың позитивті және нормативті деп бөлінуі микроэкономикалық теория методологиясының бастапқы буыны және алғышарты болып табылады
Позитивті микроэкономикалық теорияның нақты іс-әрекеттілігін зерттеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет