1. Микроэкономика нені оқытады? Экономикалық теория дегеніміз



бет11/11
Дата07.02.2022
өлшемі81,79 Kb.
#87751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
микроэкономика 1

4. Айналым моделі
Экономикалық іс-әрекетгердің жалпы проблемаларына балама мүмкіндіктерді талдау мен шектеулі ресурстарды үнемдеу тұрғысынан қарайтын болсақ, онда «Не өндіреміз?» «Қалай өндіреміз?», «Кім үшін өндіреміз» деген негізгі проблемаларды шешудің жолдары анықталады.
Игіліктерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде біз экономикалық субъектілердің өзара байланысын қарыстырамыз. Әр экономикалық субъект өзінің табыстары мен шығындарын бағалап, тандау жасағаннан кейін, қоғамда жеке субъектілердің экономикалық қызметгерін ұштастыру мәселесі пайда болады. Оған төмендегілер жатады:

  1. өндірушілер арасындағы өзара шешімдерді келістіру;

  2. тұтынушьтлар шешімдерін келістіру;

  3. жалпы түтыну мен өндіру шешімдерін толықтай келістіру.

Бұндай қажеттілік көптеген себептерден туады.
Нарыктық жүйе жағдайында нарықтық мәмілені іске асыру кезіндегі экономикалық іс-әрекеттердің шығындары трансакциялық шығындар деп аталады.
Олардың құрамьна: ақпараттарды жинау және өндеу (жөндеу) шығындары; келіссөз жүргізу және шешім қабылдау шығындары; тексеру шығындары және келісімнің орындалуын занды түрде қорғау шығындары кіреді.
Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.
Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардьщ қызметін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері ендірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарьтн сатып алуға жұмсайды.
Нарық механизмі
Үй шаруашлыктары не тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мүндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы. Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайалаңу туралы шешім қабылдауы керек.
Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы.
Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Бұл екі сектор тауар нарығында сату және сатып алу жөнінде әрекет ететін болса, онда модель баға мен сатылатын тауардың санын анықтайды. Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады, олар: сатушы мен сатып алушылар. Нарықтағы шешім қабылдау теңдестік бағамен, әр игіліктің теңдестік санымен үйлестіріледі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысының нәтижесі — баға. Бұл көрсеткіш үй шаруашылықтар мен фирмалардың қабылдаған шешімдері туралы келісімге келуі үшін маңызды ақпарат береді.
Біріншіден, баға тұтынушылардың шығын деңгейін анықтап, оларды таңдауына, қалап алуына шығындар тұрғысынан әсер етеді.
Екінші жағынан, өндірушілердің түсімі бағаға тәуелді, ал түсім экономикалық шешім қабылдаған маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Мысалы, нанның бағасының жоғарылауы — сатып алушылардың бұл тағамды түтынуды шектеуіне белгі береді, ал фирмалар үшін — нан нарығындағы теңдестікті қалпына келтіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады. Тауарды тепе-теңдік кезіндегі бағамен сатып алғысы келетін тұтынушылар, осы тауарды пайдаланады, ал осы бағамен алғысы келмейтін немесе төлей алмайтындар бұл тауарды тұтына алмайды.
Позитивті және нормативті талдау
Позитивті талдау — болуы мүмкін жағдайларға байланысты жүргізіледі. «Егер сапалы өнім көп боса, онда пайда да көп болады».
Нормативті талдау — заңдылықтар мен нормативті-құқықтық негіздерге сүйеніп жүргізіледі. Онда не орындалуы қажет екендігі туралы ереже беріледі. «Тауар сапалы болуы керек».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет