229
сөзсiз. Екiншiден,
адамның өзiнiң материалдығын, денелiгiн ойшыл
сезiмдiк арқылы түсiнедi. Адам түйсiктерi мен сезiмдерiнiң өзi – оның
материалдық дене екендiгiн көрсететiн бiрден-бiр дәлелдеме. Демек,
«мен» – сезiмтал пенде, олай болса, дене адамның мәнiне толық түрде
кiредi. Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзiн айыра алмайды
деп түсiнсе, адам – өзiнiң мәнiн болмыстан айыра алатын пенде.
Фейербахтың сезiмдiк қағидасының гносеологиялық (танымдық)
жағы да бар. Айнала қоршаған ортаны
танып-бiлу сезiмдiк қабылдау,
түйсiктер, аңдау арқылы жүредi. Оның айтуынша, тек сезiмдiк аңдаумен
анықталған, бағытталған ойлау ғана шынайы. Егер ойлау сезiмдiктен
алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзiп, өзiнiң шеңберiнен шыға
алмай адасады.
Сезiмдiктiң тағы да бiр аса мәндi жағы – оның iшiне қажеттi түрде
сүюдiң енуi.
Фейербахтың ойынша, «бiздiң сүймейтiн, сүюге болмай-
тын нәрсемiз – ол жоқ»,
Достарыңызбен бөлісу: