233
кратизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциялық
көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде
өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде
пайда болған революция-
лар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық
көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты.
Оның негiзгi өзегi – дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны
қайта құру,
өзгерту қажеттiгi
, ал
философияға келер болсақ, ол осы мақсатты
рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. Әрине, мұндай мақсат билiк
басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде
К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткiзуге
мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын
материалдық жағынан оның
өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың,
кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды
басынан өткiзiп,
соған қарамастан, өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн
жазып, жұмысшылар
қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң
жарқын болашағына сендi.
Ендi, әңгiменi нақтылай келiп,
маркстiк философиядағы
жаңалықтарға келер болсақ, онда ең алдымен
Достарыңызбен бөлісу: