Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет213/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

«Әлде-әлде», «Үрей мен 
қалтырау», «Диалектикалық лирика», «Ажалға бастайтын ауру
қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық 
тебiренiстер»
т.с.с.
Жалпы алғанда, өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде бұл кiсi 28 томдық 
еңбектердi тудырған, соның iшiнде 14 томы – оның күнделiктерi. Өз 
заманында атағы шықпаған философ ХХ ғ. үлкен құрметке бөленедi
оның шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық 
көредi. 1948 ж. берi Копенгаген қаласында «Кьеркогериана» деген осы 
ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады.
Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер қайсыбiр 
философиялық жүйенi жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк шыңы – 
Гегельдiң философиясын қатты сынға алады. Өйткенi оның филосо-
фиясында рационализм өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк (pan – грек 
сөзi, бәрi де, logos, – ақыл-ой) дәрежеге көтерiлдi. Гегельдiң ойынша, 


246
болмыс – ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығатынның бәрi де 
ақиқатты емес, ғарышта өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай 
сиқыры болмақ емес.
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi 
болмысты жүйелеу мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе – аяқталғандықпен 
тең, ал болмыс өне бойы өзгерiсте. Екiншi жағынан, Гегель тұлғаны 
объективтi нақтылы-тарихи шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi, яғни 
жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын тек соған ғана тән өмiрi, оның 
еркi тарихтың қадамының астында көмiледi. Сондықтан ол Гегельдiң 
объективтiк диалектикасына өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр 
сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, 
қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген ғылыми 
көзқарас – зұлымдықтың нышаны. 
«Жаратылыстану ең соңында 
адамзаттың құруына әкелуi мүмкiн»
, – дейдi Кьеркогер. Ойшылдың 
бұл пiкiрiн үстiрт қарамай, терең ойласақ, расында да, бүгiнгi таңда 
ғылым адамға көп жақсылық әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен 
қатар ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкiндiгiн адамзат-
тың жоя алмай отырғаны да – бүгiнгi таңдағы ақиқат. 
Кьеркогердiң ызасын келтiретiн нәрсе – ол адамды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет