құқықтық надандығы
мен келтелiгiнiң нәтижесiнде өз
жерлерiнен айырылып
жатқанын қамыға, қиналып жазады. Әрине,
мұндай ағарту жұмыстары халықтың
оянуына, саяси-құқықтық
санасының
өсуiне
өзiнiң пайдасын тигiздi.
316
Қазақ жерiн отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да,
бұрынғыдай көшiп-қонып, мал бағып өмiр сүргiсi келген адамдарға ол
жаңа ахуал өмiрге келгенiн, сондықтан
жаңа шаруашылық
түрлерiн
игеру керек екенiн айтады. Қазақтар өмiр бақи мал баққаннан кейiн,
кейбiреулер: «Бiз оны жақсы бiлемiз, басқалар ол жайында бiзге
не айтады деп лепiредi», – дейдi ойшыл. «Шынына келгенде, мал
шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар
жерлерге икемделген. Жер көлемi қысқарған сайын, оның мүмкiндiгi
сарқыла түсуде», – деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы,
Жалын, 1991, 237-238 б.б.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы
уақытқа шейiн өз маңызын жойған жоқ. «Бүгiнгi ХХI ғ. басындағы
қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетiн болар,
өсудiң орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазiргi тiлмен айтқанда,
экстенсивтiк шаруашылық формаларын интенсивтiкке аудармай, қазақ
қоғамы басқа халықтармен терезесi тең қоғамға айналуы екiталай», –
деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгiнгi таңдағы тоқтап тұрған көп өндiрiс
орындары осы ойды дәлелдейдi. Егер бiз тiптi жанкештi талпыныс-
пен соларды iске қосып, қаншама энергия, шикiзат, адам еңбегiн
жұмсағанның өзiнде, ондағы ескi технологиялардың негiзiнде жасалған
тауарларды кiм алар екен? Сондықтан бүгiн де, ғасырдың басындағы
сияқты, жаңа технологияларды тезiрек игеру мәселесi күн тәртiбiндегi
ең өзектi нәрсе емес пе?!
Қазақ өмiр салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап
қалу, оның саны мен күш-қуатын өсiру мәселесiн талдаған да осы
ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның
тетiгiн қазақ әйелдерiнiң эмансипациясымен (теңдiгiмен) тығыз бай-
ланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбiлек», М.Дулатовтың «Бақытсыз
Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерiнде қазақ
әйелiнiң аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине,
бүгiнгi таңда қазақ әйелi – шынайы теңқұқылы қоғамның мүшесi.
Сонымен қатар «ұлттық дәстүрдi» сақтап, «мұсылмандық жолына»
түсiп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп көпіретін,
лепiретін надандар да бiздiң қоғамда жоқ емес.
А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсiрудiң
негiзгi жолдарының бiрi – сайын далада кең етек жайған жұқпалы
аурулармен күрес деп бiледi. «Ол үшiн ғылыми бiлiмi бар кәсiби
дәрiгерлердiң көмегi қажет, неше түрлi халықты алдайтын бақсы-
балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмiрiнде кең тараған аурулар
туралы қызықты да қысқа көлемдi кiтапшалар жазылып, халық ара-
сында таратылуы қажет», – дейдi ұлы ойшыл. Бүгiнгi өтпелi қоғамдағы
халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с.
жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық
317
үдерiстi пайдаланып, медицина жөнiнде күңгiрт «бiлiмi» бар мыңдаған
жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде
керi кетушiлiк пе, оны оқырман өзi-ақ шешер.
Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғамның
жаңаруының, түлеуiнiң қайнар көзiн
Достарыңызбен бөлісу: |