314
Батыр хандар, асқақ жандар ұмытылды.
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ-ардың,
Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумағынан
өткендi романтизациялаумен қатар, сол кездегi халықтың аянышты
жағдайын ашық та батыл көрсеткенiн байқаймыз.
Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге
болады:
«Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бiр
өртке
қаудан шыққан
душар болып
,
Не қалды тәнiмiзде
шарпылмаған
».
Бiрақ өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты
ағарту
, оның өзiндiк
сана-сезiмiн
дамыту iсiн олар
тоқтатқан жоқ
.
Өйткенi олар халықтың
болашағын көздедi
, ертелi-кеш халық
өз
егемендiгiне жететiне сендi
және сол үшiн қажымай-талмай, қолынан
келгенiнiң
бәрiн жасады
. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектеп-
терде жұмыс iстеп, неше түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды,
романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи
мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшiн, барлық
қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз Ахаңның мына жолдары-
нан байқаймыз:
«Тән көмiлер,
Достарыңызбен бөлісу: