327
ұлы гуманистер – Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди
т.с.с. өмiр сүрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссо-
лини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.
Бүгiнгi адамзатқа керектi нәрсе – жер бетiндегi Ғарыштың әсем
гүлi – өмiрдi сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен
ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгi сұрақ» – адамның өмiрiнiң
мән-
мағынасы
мен
не үшiн
жаратылғанына – жаңа шешiм iздеу, осы жолда
бақталастық емес, халықтардың бiр-бiрiн
толықтыруы
, өзара бiр-бiрiн
ақтауы, көмектесуi
қажет сияқты.
Әрине, мұндай талдауларды ары қарай жалғастыра беруге болар едi.
Бiрақ жоғарыда көрсетiлген сипаттамалар ХХ ғ. пайда болған
философияның ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген
ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық
ағымдардың негiзгiлерiн талдауға көшейiк.
Достарыңызбен бөлісу: