Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет296/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 1. Неопозитивизм ағымы
Неопозитивизм
(neo – жаңа, positivus – латын сөзi, оң, дұрыс деген 
мағына бередi) – Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның 
дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселе-
лердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түптамыры позити-
визмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы 
Огюст Конттың
(1789-
1857 жж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан ең алдымен 
позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет.
Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк 
көзқарасқа Шопенгауер 
Ерiктi
, ал Кьеркогер жеке адамның 
тебiре-
нiстерiн
қарсы қойса, Конт оған қарсы 
ғылыми деректерге 
негiзделген 
қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым – 
белгiлi бiр дерексіз негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих фило-
софиясы – рухтың дүниеге келiп, дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес. 
Ғылымның негiзiнде дүниеде белгiлi бiр 
тәртiп
пен 
өрлеу
барлығын 
көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер 
және соларды теориялық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.
Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында үш сатыдан өттi деген 
пiкiрге келедi. Олар: 1) теологиялық (жалғандық) саты – көне заман-
нан ХIV ғ. дейiн; 2) метафизикалық саты – ХIV-ХVIII ғғ; 3) позитивтiк
саты – ХIХ ғ. бастап пайда болады.
«Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, 
өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың 
құдiреттi күштерi
арқылы 
түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адам зердесi дамуының негiзiнде 
барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, 
терiстеле
бастайды, барлығына 
күмәндану, сенбеушiлiк
пайда болады. Өмiрдi түсiндiру жолында 


328
дерексіз алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, 
рух т.с.с.) Үшiншi – позитивтiк сатыда – өндiрiске негiзделген қоғам 
пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi 
(өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкiндiгi 
пайда болды», – деп қорытады О.Конт. 
Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-
салаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге 
жетедi. Оның ойынша, ғылым – тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, 
тұрпайылықтан өтiп, күрделенiп жатқан құбылыс. Әрбiр жаңа пайда 
болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға 
негiзделедi. Бiрақ өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды 
толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда 
болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негiздей отырып, 
ғылым салаларын былайша орналастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет