неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi
өкiлдерi –
Мориц Шлик (1882-1936 жж.),
Рудольф Карнап (1891-
1970 жж.),
Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.),
Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық
мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке
ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-
әдістемелік маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әртүрлi
кiшiгiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша,
бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып,
жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды.
Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын
мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол
оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi, оны ғылыми жолмен дәлелдеу
мүмкiн емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк
тәжiрибенi асыра түсiнудi қолдамай, оны
математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, филосо-
фия тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан
өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы
логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн – Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика
арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тек-
серуге шақырды. Ал оның негiзгi құралы –
верификация (verificatio –
латын сөзi, дәлелдеймiн деген мағына бередi) принципi. Тiкелей
верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидалардың
өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал
дамыған теориялардағы қағидаларға келсек, оларды тек жанама түрде
верификациялауға болады. Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан
элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп,
оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыс-
тырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия сала-
сында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бiрақ
қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алсак, (әсiресе этика мен психоло-
гияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға
болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен
шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң
негiзгi кемшiлiктерiне жатады.
Б.Расселдiң әлеуметтiк философиялық көзқарастарына қатысты
айтсақ, ол қоғам өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген
пiкiрге келедi. Адамдардың iс-әрекеттерiне шешушi ықпалды көбi-
несе олардың ішкі түйсіктекрі мен құштарлықтары тигiзедi. Соны-
мен қатар ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап,
331
тоталитаризмнiң қай түрiн де (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң
құрсауына алғаны үшiн қатты сынады.
Неопозитивизмнiң екiншi түрi –