333
теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа
парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi атау бередi – ол
дисцип-
линарлық (пәндiк) матрица (негiз)
. Оның негiзгi элементтерi ретiнде
ол символдық жалпылау үлгiлерiн, тұжырымдық үлгілерді, ғылыми
қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан
шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың
үстемдiгi оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi: бiрте-
бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi,
зерттеудiң жолдары
қарастырылып жетiледi т.с.с. Бiрақ ол өне бойы олай болмайды, кейбiр
ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде
түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-
маның құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның даму-
ында
дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына,
бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа
парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын
мойындап, нәтижелi зерттеулер жүргiзе бастайды. Сөйтіп, бәрi де тағы
қайталанады.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопози-
тивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның
екiншi жетiстiгi – ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi
басымдылығын
терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз
деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым
деректердiң бәрiн соның «сәулесi» арқылы көредi. Деректер теорияны
сынамайды,
керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге енгiзу
керек екенiн пайымдап, анықтайды.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi
Достарыңызбен бөлісу: