Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет305/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 3. Герменевтика
Герменевтика
(germeneon – грек сөзi түсiндiремiн) сонау көне грек 
заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда 
болды.


336
Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Киелі кітаптың 
негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.
Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған 
мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол 
герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. 
Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық 
тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн 
қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол – 
Платонның барлық шығармаларын алғаш рет немiс тiлiне аударған 
адам. Оның ойынша, герменевтика – басқа тұлғаның қайталанбас 
жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi, 
оның 
сөз саптау мәнерiнде, үлгiсiнде
деген пiкiрде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын аша-
тын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан 
бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық 
iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы 
жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр 
сүрген адамдардың iшкi жан дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу үшiн сол 
замандағы ахуалға 
өту, түйсiну, тебiрену
арқылы ғана жетуге болады 
деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген 
ұлы адамдардың өмiрбаянын, iшкi рухани тебiренiстерiн түсiнiп қана 
баға беруге болады.
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерль белгiлi бiр 
дәуiрдi жете түсiну үшiн, сол кездегi қоғамның 
«өмiрлiк дүниесiнiң» 
ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрде болған-ды. Сонда ғана сол 
дәуiрде өмiр сүрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының 
мән-мағынасын ашуға болады.
М.Хайдеггердiң ойынша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет