сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни
өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше,
оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн
өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ахуалыңмен
ұштастыруда. Негiзгi мақсат – өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру
(реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағынаны тудыру (кон-
струкция) болып табылады.
Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады.
Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада:
бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды.
«Сондықтан өне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға
да сөз берiп, оның айтқанын ықылас қойып тыңдап, түсiнуге тырысу
қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында», – деп қорытады
ойшыл.
Г.Гадамердiң енгiзген тағы бiр жаңалығы – тұлғаның тебiренiсiн
зерттеуден гөрi, оның ойының мән-мағынасына өту керектiгi. Зерттеушi
жазылған мәтiннiң ар жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тыры-
судан гөрi, оның ой-тебiренiсiн тудырған
затқа үңiлуi қажет. Бұл
пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз.
Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ахуал дүниеге келiп,
бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық
т.с.с. теориялар пайда болғанымен, әрқашанда белгiлi бiр тұрақты
ой өрiсі қала бередi. Ол – тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi
қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр
салтына, iс-әрекетiне, ой өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар,
олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мүмкiндiк бередi. Осы
тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк – ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей.
338
Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған
сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты –
мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.