«ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенiн байқайды.
Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен
шыққан неше түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса
ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық»
бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы
жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар
адамға дейiнгi хайуандық «жасырылған iздердi» байқауға болады. Олардың көбiн
халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi
бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер
т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бей-
нелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг
«архетиптер» деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық
бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол
символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа
берiлiп отырады. Сонымен қатар олардың көбi тiптi
тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң
өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның
жүрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда
А.Адлер_(1870-1937_жж.),_К.Хорни_(1888-1959_жж.),_Э.Фромм'>А.Адлер (1870-1937 жж.),
К.Хорни (1888-1959 жж.),
Э.Фромм (1900-1980 жж.)
фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сүйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге
тырысты.
А.Адлер фрейдизм iлiмiне
«компенсация» (толықтыру) ұғымын
кiргiзедi. Қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн
сезiнудiң негiзiнде «өзiне деген сенiмсiздiк» бишаралық сезiм пайда
болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық
мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн
өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi.
Ал адам осы жолда «компенсациядан да үстем» iс-әрекет жасаса,
онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мүмкiн (мысалы, Наполеонның
346
денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. – олардың дене
кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды
деген пiкiр әдебиетте бар).