Серік Мырзалы философия оқу құралы


эрос , «өлiм инстинктi» –  тана-



Pdf көрінісі
бет314/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

эрос
, «өлiм инстинктi» – 
тана-
тос
. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сүйiспен-шiлiктi, достықты, 
iңкәрлікті тудырса, танатос адамды өлiмге қарай итерiп, оның 
қатерлі, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға 
бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.
Дегенмен З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, 
адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептедi. 
Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың 
жарығына шығарып, оларды өз еркiне көндiруге мүмкiндiк алуда болса 
керек.
Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын 
құрал бар. 
Ол – мәдениет
. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы 
адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке 
келтiрiп, деструктивтi күңгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. 
Бiрақ ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойыл-
майды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып, неше түрлi 
бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық 
құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байла-
нысты. Демек, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте 
болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.


345
Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр 
жағынан, шығармашылық жолмен дүниенi қайта құру, екiншi жағынан, 
жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату – З.Фрейдтiң iзiн қуған 
ғалымдардың еңбектерiнде неше түрлi қайшылықтарды тудырды. 
Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына 
теңеуi қанағаттандырмайды.
Карл Густав Юнг
(1875-1966 жж.) басында өз ұстазының көзқара-
сында болғанмен, кейіннен бисаналықты басқаша түсiне бастайды. 
Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың 
тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кейiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. 
Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да 
терең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет