341
Ф.Ницше ерiк санатына әлеуметтiк-моральдық мән-мағына берiп, оны
«билiкке деген ерiк» ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi
неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң «Әлемдiк
еркi» бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас
тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн),
сол себептi олардың бiр-
бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi,
А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген
болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса,
билiкке деген еркiн өмiрге енгiзедi, сол үшiн күреседi.
Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған: «Билiкке деген сананы,
құлшынысты, сол адамның билiгiнiң өзiн күшейтетiннiң бәрi», – деп
жауап қайтарады. Не жаман деген сұраққа: «Әлсiздiктен шығатынның
барлығы», – дейдi. «Ақыл-ой арқылы жүретiн дүниетанымдық iс-әрекет
билiкке деген ерiктi күшейте ме?» – деген сұраққа: «Жоқ, өйткенi
интеллектiнің басымдылығы билiкке деген ерiктi, оның ұмтылысы мен
iс-әрекетiн әртүрлi ойдың
толғаныстарымен ауыстырып, тоқыратып
тастайды. Мораль да басқалардың қамын ойла деп, билiкке деген ерiктi
әлсiретедi», – деп жауап береді.
Билiкке деген ерiк күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң
құқы неше түрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с.
нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiс, сондықтан нағыз адам осы
қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында
теңдiк болуы керек деген қағиданы таратады. Бiрақ ол өмiрдiң терең
мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады, сондықтан ол керек емес.
Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мүддесiне қарсы, өйткенi
тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң
құқына қарсы
тұрады. Ал еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып
жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқық бердi. Сондықтан
қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс –
қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi.
Жоғарыда көрсетiлген көзқарас Ф.Ницшенiң моральдық iлiмiнiң
негiзiнде жатыр. Моральдың негiзгi ұғымдары – жақсылық пен
жамандық – тарихи күштiлер, жақсылардың әлсiз, жамандарға қара-
ғандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретiнде ол
моральдықты көрсететiн
сөздерге талдау жасап, немiс сөзi «shlecht»
жаман, түрсiз деген мағына берсе, оған жақын «shlicht» деген сөз де
«қарапайым адам» деген мағына бередi, – деп қорытады. «Тарихи бай,
атақты, асылдарды көрсететiн ұғым «жақсылықпен» теңелiп, кедейлiк,
қарапайымдық «жамандық», «зұлымдық» деген ұғымдарды тудыр-
ды», – деп есептейдi Ф.Ницше.
Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерiнiң
моральдарын бүкiл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол «құлдардың
342
моральдағы көтерiлiсi» деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегi ең
«теорияшыл халық» – еврейлер. Олар қоғамның «құндылықтарын
қайта бағалап», аристократиялық бiр-бiрiнен туатын «жақсы – асыл –
күштi – әсем – бақытты – Құдайдың сүйгенi» деген құндылықтарды
толығынан терiске шығарып, оған қарама-қарсы «тек бақытсыз
адамдар – жақсылар», «кедейлер, әлсiздер, төмендегiлер ғана –
жақсылар», «тек
зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер
ғана – тақуалар, масайрауға лайықты адамдар» деген қағидаларды
ұсынды.
Ф.Ницшенiң ойынша, иудей-христиандық моральды толығынан
«қайта қарап», «мырзалардың моральдық құндылықтарын» тағы да
өмiрге енгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет:
1) «өмiрдiң құндылығы» – сөзсiз негiзгi құндылық;
2) адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған;
3) күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық
талаптармен байланысты емес.
Жоғарыдағы көрсетiлген моральдық құндылықтарға
сәйкес келетiн
адам әлi дүниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбiр жануардың
түрi өмiрден жойылардың алдында өзiнен жоғары тiршiлiктi тудырса,
адам өзiнен жоғары пенденi тудыра алмай отыр. Өйткенi адам – ауру
жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктерi сөнiп, оның орнын
сана алды. Ал ендi, Ф.Ницшенiң ойынша, «адамнан жоғарының»
дүниеге келетін уақыты жеттi. Ол – «аққұба әзәзiл». Тұқым қуу жағынан
алғанда, олар «арий нәсiлiнен» шыққан адамдар (нордистік тип). Ал
моральдық жағынан алғанда, олар бiр-бiрiмен ұстамды, кiшiпейiл,
назды, мейiрiмдi. Басқаларға олар жабайы, ауыздығы жоқ жануарлардан
да жаман сияқты. Басқаларды көргенде, олар жыртқыштың алғашқы
күнәсiз ұжданына қайта оралғандай болып сезiнедi: өлтiредi, жағады,
зорлайды, құртады, ендi оларды жыраулар
көп уақыт бойы өздерiнiң
өлеңдерiнде жырлайтынына кәмiл сенедi.
Ал ендi «адамнан жоғарылардың» сыртқы кейпiне келер болсақ,
олардың «туа бiткен асылдығы» бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. «Осы
қасиет бүгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей
тұр десеңiзшi», – деп қынжылады Ф.Ницше. «Егер басшының сыртқы
түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда «тобыр» оған көнуге
әрқашанда дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы кездейсоқ
келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi деген ойға келiп, олай
болса, бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк деген жаман ойға өтуi
мүмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi», – деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенiң бұл ойларына фашизм идеологиясының бiршама
жақтары жақын екенiн мойындамай болмайды.
343
Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi,
осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшыл-
дан бұрын өмiр сүрген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған
iс-әрекеттерi – барлығы жиналып, оның: «
Достарыңызбен бөлісу: