339
Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол
замандағы ахуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып
сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген
ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды
шынайы қайта сурет-
теп қана қоймай, сонымен бiрге қайтадан толғанып,
оның өмiршеңдiк
жақтарын түсiндiре бiлуi керек.
Анри Бергсон
(1859-1941 жж.) – «өмiр философиясының» шеңбе-
рiнде
«шығармашылық талпыныс»
ағымын жасайды. Оның
ойынша, алғашқы да ең терең шындық – ол белгiлi бiр толыққанды
бiртұтас өмiр, ал
материя мен рухқа келер болсақ, ол – сол өмiрдiң
қалдықтары. Өмiр – «өмiрлiк талпынысқа» (elan vital), яғни ешқашанда
тоқталмайтын шығармашылық өзгерiске, қалыптасуға тең. Материя –
болмыстың
енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе
де, дегенмен,
ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан табиғаттың
тарихи күрделенуi, өрлеуi – өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең.
Олай болса, дүние – бiрегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды
бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық.
А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге
өзiнiң
интеллектi
(ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенi-
мiз – ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-
бiлуi, ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану
ғылымдары арқылы
жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас
бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң
жасанды суреттерiн
тудырады. Интеллектiнің қайнар көзi – адамның материалдық дүниедегi
iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiлігiн қамтамасыз
ету. Бұл арада
аса назар аударатын нәрсе, А.Бергсонның ойынша, –
Достарыңызбен бөлісу: