349
Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға
ынтық болу, нағыз ерiктiліктi содан iздеу дiни трансцендiлеу болып
есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң
айтуына қарағанда, «адам – табиғи дүниедегi үзiлгендiк», екiжақты,
қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түсiну –
одан да жоғары тұрған Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның
Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның
құдайшылдығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi
Мәсіхтің өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз – ол рух. Олай болса,
тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.
Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi – Ж-П.Сартр мен А.Камю
оны
Достарыңызбен бөлісу: