356
күрделенуi, дамуының жалғасы. Дүние бiздiң көз алдымызда ары қарай
дамып,
жаратылу үстiнде
, қазiргi уақытта оның негiзгi кiлтi – адамның
қолында. Өйткенi адам
саналы түрде
эволюция үдерісiне қатысуда.
Материяны қайта құрып, өзгерту
жолында адам шығармашылық
деңгейiне көтерiлiп, өзiнiң кiм екенiн әлемге көрсетедi.
Осы тұрғыдан П.Т. де Шарден кейбiр христиан дiнiндегi моральдық
қағидаларды, әсiресе енжарлық, мойынсұнушылықты сынға алады.
Адам өмiрге белсендi түрде қатысуы керек,
яғни оның өмiрдегi
негiзгi мақсат-мұраты –
жасампаз еңбек
дәрежесiне көтерiлу болмақ.
«Жақсы христиан дүниенiң жаратылу үдерісiне белсендi қатысады,
цивилизациялық ағымының белсендi мүшесiне айналады». Жаман-
дық – енжарлық, жақсылық – белсендiлiк.
Сонымен бiрге П.Т. де Шарден ұжымдық өмiр сүруге шақырады.
Жалғыздықтағы адам рухани жетiле алмайды. «Менiң» жетiлуiм
ұжымдық сана арқылы ғана жүрмек.
Қазiргi қоғамдағы дағдарыс – өрлеудiң дағдарысы.
Адамзат
дүниенiң ары қарай өрлеуiнiң негiзгi күшiне айналғанын сезiнедi,
екiншi жағынан, осы сезiмнен қорқып, оған күмәндана бастайды. Ал
осы iзгiлiктi iстi ілгері жалғастыру үшiн, адамзатқа белгiлi бiр рухани
тiрек қажет. Ол тек
«өмiрден де жоғары»
құдiреттi күш болуын талап
етедi. Ол адамзаттың алдында әрқашанда шамшы-рақтай жанып тұруы
керек. Ол оны аспандағы ең күштi
жарқыраған жұлдызға теңеп, оған
«Омега»
нүктесi деген ат қояды.
Ойшылдың ойынша, Омега – кеңiстiк пен уақыт шеңберiнен тыс,
Дүниенiң алдында тұрып, өзiнiң психикалық
радиалдық энергиясы
арқылы бүкiл өмiр сүрiп жатқанның бәрiне де өз әсерiн тигiзiп жатқан
құдiреттi күш. Ол күш, негiзiнен алғанда,
сүйiспеншiлiк
, ал оның ең
кiшкентай ұрығы – ол молекуланың iшкi тарту күшi. Демек, П.Т. де
Шарденнiң Омегасы христиан дiнiнiң Құ-дайына ұқсамайды, ол – таза
рух, сананың жиынтығы, сонымен қатар дүниенiң алдыға қарай дамып,
күрделенуiнiң негiзгi себебi.
П.Т. де Шарденнiң философиясы ХХ ғ. адамзат ой-өрiсiне өзiнiң зор
ықпалын тигiздi. Оның себептерiнiң бiрi –
ғылымның жетiстiктерiне
сүйене отырып, дүниенiң дамуы туралы бiртұтас iлiмдi тудыру
қажеттiгiн көрсеткенiнде болса керек. Екiншiден,
оның адамзатты
жасампаздық еңбекке, соның негiзiнде жер бетiнде ноосфераны
тудыруға шақырған шабытты ойлары да көп адамдарға өз әсерiн тигiздi.
Үшiншiден, оның адамға деген үлкен сенiмi, гуманизм мен өрлеудiң
бiр-бiрiмен байланысты екенiн көрсеткенi де бүгiнгi дағдарыстағы
адамзатқа шынайы сабақ болды. Ал ендi осы ХХ ғ. тудырған орасан зор
қайшылықтар мен тебiренiстер қазiргi
Шығыс философиясында қалай
шешiледi? Ендi осы сұраққа жауап беруге тырысайық.