Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет324/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

сенiм
мен 
бiлiмнiң
арақатынасы. Бұл мәселенiң дiни шешiмiн алғаш рет 
Ортағасырда Ф.Аквинский тапқан болатын. ХХ ғ. дiни философия осы 
шешiмдi бұлжытпай орындап, қадағалап отыруға тырысады. Ол шешiм, 
бiлiмге қарағанда, 
сенiмнiң басымдылығы
. Дiни сенiм мен ақыл-ой 
арқылы дүниетану – бiр-бiрiне қарсы емес, бiрiн-бiрi ығыстырмайды, 
керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады, олар бiр өзенге құятын екi бұлақ 
сияқты. Сенiмнiң түпкi қайнар көзi – Құдайдың адамға берген аяны, 
оның ақиқаттығына еш күмән келтi-руге болмайды. Ақыл-ой арқылы 
дүниетану – жаратылған пенде – адамға берiлген үлкен сый. Бiрақ 
қайсыбiр адам шектелген, соңы бар пенде болғандықтан, оның бiлiм-
тануы да сол сияқты, ол бәрiн бiле алмайды. Олай болса, ақыл-оймен 
табылған бiлiмдi әрқашан құдiреттi түрде берiлген сенiм ақиқаттарымен 
салыстырып, бақылап отыруымыз қажет. Олардың ойынша, ол, әсiресе 
ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның жетiстiктерiн сараптау үшiн 
аса қажет.
Осы тұрғыдан олар ХХ ғ. ашылған ұлы ғылыми жаңалық-
тарды Киелі кітаптың негiзгi қағидаларымен салыстырып, олардың 
«ақиқаттығына» баға бередi. Мысалы, ХХ ғ. екiншi жартысында астро-
физика саласында ашылған бiз өмiр сүрiп жатқан дүниенiң пайда 


354
болуы мен жасы жөнiндегi 
«үлкен жарылыс»
теориясын алайық. 
Алғашында материя «сингулярлық», яғни орасан зор қысымның 
негiзiнде «нүктелiк» жағдайда өмiр сүрген. Ал оның өзi 13 млрд. жыл 
бұрын «үлкен жарылысты» тудырып, бiздiң галактикадағы жұлдыздар 
жүйесiнiң қалыптасуына әкелдi (Құс жолы). Жарылыстың күшi сондай 
орасан зор болғандықтан, осы уақытқа дейiн жұлдыздар бiр-бiрiнен 
алыстап, кеңiстiкте ұшып барады. Оны астрофизиктер: «Бiр-бiрiнен 
қашып бара жатқан галактика», – дейдi. Бұл теорияны қарапайым 
адамның санасына енгiзу өте қиын, өйткенi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет